ҚР Сидней қаласындағы Бас консулдығының ресми сайтына қош келдіңіз

Қазақстан Республикасы мен Аустралия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 22 маусымда орнатылды. Қазақстан Республикасының Бас консулдығы 2015 жылдың маусым айында Сиднейде ашылды.

Бас консулдық Қазақстан мен Аустралия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал жасайды. Сонымен қатар, бірлескен экономикалық, мәдени және гуманитарлық жобаларды дамыту үшін Қазақстандағы әлеуетті серіктестерімен байланыс орнатуды қалайтын барлық мүдделі компаниялар мен тұлғаларға қажетті қолдау көрсетеді.

Біздің сайтта ҚР визасын алу, ҚР ұлттық паспортын ресімдеу, құжаттамаға және басқа консулдық қызметтерге қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан туралы негізгі мәліметтерді таба аласыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Аустралия азаматтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 күнтізбелік күнге дейінгі визалық талаптардан біржақты тәртіппен босатылады.

Біздің ресми веб-сайтымыз Сізге Қазақстан туралы қажетті және түсінікті ақпаратты табуға көмектеседі деп үміттенеміз.

Сізге ыңғайлы болу үшін біз Сізге басқа веб-сайттарға пайдалы сілтемелер тізімін жасадық.


Қосылған : 10.04.2017, 12:00, Өзгертілген : 10.04.2017, 12:00