Eкіжақты қарым-қатынастар

Қазақстан-Аустралия қатынастары

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 22 маусымда орнады.

Аустралия елшілігі Қазақстан Республикасында 1995 жылдан 1999 жылға дейін жұмыс істеді.

1996 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының Аустралиядағы консулдығы жұмыс істеді.

2019 жылдың 28 маусымынан бастап Аустралияның Ресей Федерациясындағы және Қазақстандағы елшісі қызметін қоса атқаратын Грэм Михан (Graeme Meehan).

2009 жылғы қарашадан бастап Батыс Аустралия штатының Перт қ. Қазақстан Республикасының Құрметті Консулы, Джейсон Стирбинскис, «Drake Resources» компаниясының басқарушы директоры.

2014 жылғы 6 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Мельбурндағы Құрметті консулы «Australasia Pacific Pty Ltd» компаниясының Президенті Эндрю Фернихоу болды.

2014 жылғы 18 қарашада Сидней қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығының ашылуы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды.

Саяси ынтымақтастық

1996 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Аустралияға алғашқы ресми сапары болып, саяси диалогтың негізін қалап, екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын белгіледі.

Елдер арасындағы алғашқы екіжақты саяси байланыстар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Терещенконың 1993 жылғы шілдеде Канберраға жасаған сапары кезінде, сондай-ақ 1994 жылы сәуірде Аустралия генерал-губернаторы Б. Хейденнің Қазақстанға сапары кезінде орнатылды.

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Аустралияның Сыртқы істер министрі К. Радд Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне қатысты. 2011 жылғы маусымда Сыртқы істер министрі К. Радд ИКҰ-ның 38-ші СІМК қатысу үшін Астанаға келді.

2012 жылғы тамызда Аустралия Парламентінің депутаттары К. Доуд, Г. Дженкинс және Г. Эванс «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарудан бос әлемге» атты халықаралық конференцияға қатысты.

2012 жылғы сәуірде Астанада бірінші СІМ аралық консультациялары өтті, оның барысында екі жақ қызығушылық білдірген қатынастардың мәселелері талқыланды.

2014 жылғы 1 қыркүйекте Самоада БҰҰ-ның шағын аралдық дамушы мемлекеттер жөніндегі конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың Аустралия СІМ басшысы Дж.Бишоппен екіжақты кездесуі өтті.

2015 жылғы 24-25 маусымда Канберрада екі елдің сыртқы істер министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғалары деңгейінде қазақстан-аустралиялық саяси консультациялар өтті.

2016 жылғы 8-13 сәуірде «ЭКСПО-2017» Комиссары Р. Жошыбаев Аустралияға екіжақты ынтымақтастықты нығайту және көрмені алға бастыру мақсатында барды.

2016 жылғы 6-7 қарашада тау-кен және табиғи ресурстар бойынша халықаралық конференцияға қатысу үшін Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы А.Надырбаев бастаған ҚР ИДМ делегациясы Аустралияға сапары өтті.

2017 жылғы 28 ақпанда Женевада Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның жыл сайынғы сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахмановтың Аустралияның Халықаралық даму және Тынық мұхиты істері бойынша министрі К. Фиерраванти-Веллспен екіжақты кездесуі өтті.

2017 жылғы 26 мамырда Астанада екі елдің сыртқы істер министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғалары деңгейіндегі кезекті қазақстан-аустралиялық саяси консультациялар өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылы Қазақстан мен Аустралия арасындағы тауар айналымының жалпы көлемі 51,4 млн. АҚШ долларын құрады. Аустралияға Қазақстандық экспорт 6,2 млн. АҚШ долларын, ал Аустралиядан импорт – 45,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Экспорттың негізгі өнімі – азаматтық жолаушыларға арналған ұшақтар, сульфаттар, ашудастар, хромның триоксиді, мырыш, ферроқорытпалар, қара металл бұйымдары, табиғи құм, электр станциялары және басқалары. Аустралиядан импорт тау-кен өндірісіндегі арнайы жабдықтар (фронтальды шелек тиегіштер, самосвалдар, көлік құралдарына арналған шиналар және доңғалақ тысылар, сұрыптау жабдықтары, домкраттар, көтергіштер, тиегіштер), сорғылар, өстік желдеткіштер, тежеу құрылғылары, есту аппараттары, медициналық құралдар, сүт майлары және т.б. құралған.

Қазақстанда Аустралияның қатысуымен 82 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелді, олардың 49-ы жұмыс істейді.

Қазақстанда Аустралияның «Rio Tinto», «Iluka Resources», «ALS Minerals», «Orica-Казахстан», «Kazakhstan Potash Corporation», «Austmine» атты ірі тау-кен компаниялары сәтті жұмыс атқаруда.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Бас Консулдықтың консулдық есебінде 289 Қазақстан азаматы бар. Аустралия ЖОО-да 38 адам оқиды.

Құқықтық база

1996 жылғы 12 желтоқсанда Канберрада Қазақстан Республикасы мен Аустралия арасындағы өзара түсіністік, достық және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

1997 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аустралия Үкіметі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №838 қаулысына сәйкес ЭЫДҰ елдерінің, оның ішінде Аустралияның азаматтары үшін визасыз режим енгізілді. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Аустралия азаматтары мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күнге дейін визасыз Қазақстанға кіре, кете және транзитпен жүре алады.

Қосылған : 11.03.2020, 17:00, Өзгертілген : 17.01.2018, 17:00