Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Ильяс Умахановпен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев Ресей Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары, Федерация Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның ресейлік бөлігінің төрағасы Ильяс Умахановпен кездесті.

Тараптар екі елдің заңнамаларын үйлестіру, сауда-экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Екіжақты экономикалық ынтымақтастық тұрақты өсуді қамтамасыз етеді. Ресей негізгі сауда серіктесі, Қазақстанға тауарлар мен импорт көлемі бойынша 1-ші орын, ал қазақстандық өнімдер экспорты бойынша 4-орында және де екі елдің нарықтарындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Кездесуге қатысушылар биылғы мерейтойлық тарихи күндерді атап өту мәселелеріне де тоқталды: жоспарда Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы және ойшыл және ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдығы.

Қосылған : 26.02.2020, 18:00, Өзгертілген : 26.02.2020, 19:10