Қазақстан елшілігінде ҰҚШҰ штаб-пәтерінің басшысы Анатолий Сидоров жұмыс сапарымен болып қайтты

Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев пен ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы, генерал-полковник Анатолий Сидоровтың кездесуі өтті. 

Кездесу барысында Қазақстан мен ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы) арасындағы өзара іс-қимылдың жай-күйі және Жеңістің 75 жылдығы мерекесін тойлау туралы жоспарлар талқыланды.

Сонымен қатар, кездесуге қазақстандық дипломаттар, сондай-ақ Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы Өкілетті өкілі Жәнібек Иманалиев және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов қатысты. Сондай-ақ, генерал-полковник Сидоров Елшіліктің жанындағы Қазақстан-Ресей қатынастары мұражайын аралап, экспонаттардың құндылығы мен мұражайдың дизайнын жоғары бағалады.

Қосылған : 19.02.2020, 14:55, Өзгертілген : 19.02.2020, 19:55