Түмен облысындағы карантиннен үш отандасымыз Қазақстанға оралды

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Қытайдан эвакуацияланған үш азаматтың отандарына оралу жағдайын өз бақылауын алған болатын.

Бүгін, 19 ақпанда, елшілік қызметкерлері мен Ресей билігінің үйлесімді жұмысының арқасында Түмен облысының "Градостроитель" карантинінде болған қазақстандықтар өз Отанына аман-есен оралуда. Олардың барлығына билеттер алу реті Омбыдағы Қазақстан консулдығмены мемлекет есебінен қарастырылды.

Өз кезегінде, Елшілік басшылығы Түмен облысының басшылығына, "Градостроитель" карантинінің барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ Қазақстанның Түмендегі Құрметті консулы Владислав Квасовқа осындай тосын жағдайда көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді. Қытайдан эвакуацияланған қазақстандықтар үшін "Градостроитель" санаториінде жайлы тұруға барлық жағдай жасалды. Қазір біздің азаматтарымыздың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Түмен облысының бас санитарлық дәрігері Галина Шарухоның айтуынша, "барлық тест нәтижелері инфекцияға күдікті растаған жоқ".

Еске салсақ, 5 ақпанда Ухань қаласынан коронавирустың таралуына байланысты Ресей Федерациясы мен Қазақстан азаматтары эвакуацияланып, Түмен облысындағы "Градостроитель" емдеу-сауықтыру орталығына 14 күндік карантинге орналастырылған болатын.

Қосылған : 19.02.2020, 11:20, Өзгертілген : 19.02.2020, 13:30