Ресейде дипломатиялық қызметкерлер күні спорттық ойындармен атап өтілді

Өткен демалыс күндері Мәскеуде қызметін атқарып жатқан сан алуан мемлекеттің дипломаттарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Нахабино аймағында мерейтойлық 20-ші қысқы Дипломатиялық ойындары ұйымдастырылды.

Дәстүр бойынша, қонақтарды Ресейдің СІМ жанындағы ГлавУПДК-ның «Moscow Country Club» клубы қарсы алды. Ресейдегі дипломатиялық қызметкері күні қарсаңында – 10 ақпанда – сайыс қатысушыларының алдыңғы қатарында елші Ермек Көшербаев бастаған Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің құрамасы да табылды.

Қысқы дипломатиялық ойындар биатлон, шаңғы жарысы, үстел теннисі, бильярд және мини-футбол секілді спорт түрлері бойынша әр түрлі елдердің дипломатиялық миссиялары мен халықаралық ұйымдардың командалары арасында мықтыларды анықтады. Бұл шараға алғаш рет келгендер өз әсерлерімен бөлісіп, бұл турнирді мини-Олимпиада деп те атап жатты – бұл жерде, расымен, спортшылар әлемнің әр түкпірінен жиналды деуге болады. Бұл салыстыруды ұйымдастырушылар тек қоштап жатты, соған орай қатысушыларды алғашқы болып Олимпиада чемпионы және РФ Мемлекеттік Думасының Сыртқы істер жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Светлана Журова, сонымен қатар 5 дүркін Олимпиада чемпионы Анастасия Давыдова, 3 дүркін Олимпиада чемпионы Галина Горохова және ГлавУПДК жетекшісі Сергей Макаров қарсы алды.

Бұл ойындардың тарихы 1997 жылдан бастау алады, ол кезде қала маңында дипломатиялық миссиялардың командалары арасында алғаш рет шаңғы жарысы өткен болатын. Кейін, сайыс қысқы және жазғы болып екіге бөлініп, жыл сайынғы дәстүрге айналды. Қазақстан дипломаттары да жыл сайын осы шараға қатысып, әдетте үздіктер арасынан табылуда.

– Осы жылы бізді қолдауға Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Беделбайұлы Көшербаев, сондай-ақ дипломаттардың отбасы мүшелері келді. Менің ойымша, мұндай іс-шараларға Отанымыздың намысы үшін ғана емес, сонымен қатар шетелдік әріптестермен бейресми байланыс орнатуға мүмкіндік береді, – деп пікірімен бөлісті Ресейдегі Қазақстан елшілігінің бірінші хатшысы Марлен Бабашев.

Қосылған : 11.02.2020, 09:35, Өзгертілген : 11.02.2020, 14:00