Ресейдегі Қазақстан елшісі Ермек Көшербаев сенім грамоталардың көшірмелерін табыстады

Бүгін Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясының сыртқы істер Министрінің орынбасары Андрей Руденкоға сенім грамоталардың көшірмелерін табыстады.

Кейін оның Ресей Федерациясының сыртқы істер Министрі Сергей Лавровпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы, интеграциялық құрылымдар аясындағы екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ аймақтық және халықаралық мәселелердің өзекті мәселелері талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Қосылған : 3.02.2020, 18:00, Өзгертілген : 3.02.2020, 19:00