Қазақстанның Мәскеудегі консулдық бөлімінің қызметкерлері азаматтарды қорғаныс бетперделерімен қабылдауда

Консулдық бөлімінде жұмыс әдеттегідей жүргізіледі, бірақ қызметкерлер мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданды.

Қол тазалау үшін антисептикалық диспенсерлер, сонымен қатар ауа тазартқыштар барлық қабылдау бөлмелерінде орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХР-да және бірқатар өзге елдерде коронавирустың жаңа түрі (2019-nCoV) туындаған аурудың таралуына байланысты және ерекше эпидемиологиялық жағдайға байланысты, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі сенім телефоны ашылғанын хабарлайды.

Егер сізге көмек қажет болса, мына телефонға хабарласыңыз: 8 (925) 897-71-14

Инфекцияның алдын-алу үшін біз мынадай ережелерді ұстануға шақырамыз:

– адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;

– қоғамдық орындарда және көлік құралдарында болған кезде қорғаныс бетпердесін кию керек;

– қоғамдық орындарға болғаннан кейін антисептиктерді қолданыңыз, жеке гигиенаның жалпы ережелерін сақтаңыз, қолды сабынмен жиі жуыңыз;

– жануарлармен және құстармен жанаспауға;

– өзін нашар сезінетін немесе аурудың белгілерін көрсететін адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болыңыз;

– бөлмені жиі желдетіңіз;

– өзін нашар сезінетін адамдармен байланыс жасамауға тырысыңыз;

Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, жедел медициналық көмекке Ресейдегі 8 (925) 897-71-14 сенім телефонына хабарласып, елшілікке хабарлаңыз.

Қосылған : 30.01.2020, 02:45, Өзгертілген : 30.01.2020, 05:05