Қазақстандық визаларды алу ережелері

Визасыз режим орнату туралы

Қазақстан Республикасы «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық Заңын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 838 қаулысымен Аустралия Одағы, Америка Құрама Штаттары, Аустрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль Мемлекеті, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Кипр Республикасы, Корея Республикасы, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Мажарстан, Малайзия, Мальта Республикасы, Мексика Құрама Штаттары, Монако Князьдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сингапур Республикасы, Словак Республикасы, Словения Республикасы, Түркия Республикасы, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чех Республикасы, Чили Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі және Эстония Республикасы азаматтарына визаcыз режим орнатылды.

Осыған орай, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда аталған мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 30 күн ішінде визасыз кіре/кете алады және транзитпен өте алады.

Көрсетілген мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында іскерлік мақсатта болуын күнтізбелік отыз күннен артық ұзарту туралы өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге «іскерлік» санатындағы бірмәртелік визаларды береді.

Виза алудың жеңілдетілген тәртібі

Қазақстан Республикасының шетелдердегі консулдық бөлімдерінде бір мәртелі А3 (қызметтік), В1, В3 (іскерлік), В10 (жеке) және В12 (туристік) санатты 30 күндік визаларын рәсімдеу кезіңде келесі 48 мемлекет азаматтары: Австралия, Австрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгар Республикасы, Бразилия, Федеративтік Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль Мемлекеті, Иордан Хашимит Корольдігі, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Катар Мемлекеті, Кипр Республикасы, Корея Республикасы, Латыш Республикасы, Литва Республикасы, Лихтенштейн Князьдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Мажарстан Республикасы, Малайзия Федерациясы, Мальта Республикасы, Монако Князьдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Оман Сұлтандығы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сауд Арабиясы Корольдігі, Сингапур Республикасы, Словак Республикасы, Словения Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чех Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі,Эстон Республикасы шақыруды міндетті түрде көрсетуден босатылады.

Назар аударыңыз: Құжаттар мен визалық сауалнамаларды пошта арқылы жібермеуіңізді сұраймыз. Пошта арқылы жіберілген құжаттар қарастырылуға жатпайды. Қазақстан Республикасының елшілігі пошта арқылы жоғалған құжаттарға жауап бермейді! Құжатарды жеке немесе туристік агенттік арқылы тапсыруды сұраймыз.

Консулдық мекеме өтініш берушіден қосымша құжаттарды талап ету құқығын сақтайды.


Қазақстан Республикасында электрондық визаны енгізу жөнінде ақпарат

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерге бір мәртелі визаны электрондық форматта алу ресімі енгізілді.

Электрондық виза (іскерлік, туристік және емделу үшін) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген қазақстандық тараптың шақыруы негізінде беріледі.

Шетелдіктер жарамды электрондық визамен тек Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіреді және шығады.

Туристік электрондық визалар 117 елдің, іскерлік және емделу үшін – 23 елдің азаматтарына беріледі (елдер тізімі қоса беріледі).

Электрондық виза тек визаны алушы үшін ғана жарамды және онымен бірге жүрген тұлғаларға қолданылмайды. Төленген консулдық алымдар қайтарылмайды.

Виза алушының ұсынған паспорты келесі өлшемдерге сай келуі тиіс:

1) түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмеуге, ұзартулар, белгілер, ескертпелер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттері болмауы тиіс;

2) кемінде 2 таза бет болуы тиіс;

3) қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімінің аяқталу күнінен бастап 3 айдан бұрын аяқталмауы тиіс.

Қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы көші-қон қызметі органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды (аталған қызмет онлайн режимде Визалық және көші-қон порталында қолжетімді).

Электрондық визаны алу үшін Визалық және көші-қон порталында тіркелу (www.vmp.gov.kz/en), тіркелуден кейін электрондық визаны алу талаптарымен танысу, шақыру нөмірін енгізу (Қазақстан Республикасындағы шақырушы тараппен жіберіледі) және визалық сауалнаманы толтыру, консулдық алымды төлеу және электрондық визаны басып шығару (виза жеке кабинетте қалыптасады және сауалнаманы толтырған кезде берілген электрондық поштаға жіберіледі) қажет.

Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларында паспорттық бақылаудан өту кезінде басып шығарған электрондық визаны ұсыну қажет.

Қазақстанға кіру үшін бір мәртелі туристік электрондық визаларды алуға мүмкін елдердің тізімі

1.Алжир

2.Ангола

3.Андорра

4.Антигуа и Барбуда

5.Аруба

6.Багамские острова

7.Бангладеш

8.Барбадос

9.Бахрейн

10.Белиз

11.Бенин

12.Боливия

13.Ботсвана

14.Бруней-Даруссалам

15.Буркина Фасо - Верхняя Вольта

16.Бурунди

17.Бутан

18.Вануату

19.Ватикан

20.Венесуэла

21.Вьетнам

22.Габон

23.Гайана

24.Гаити

25.Гамбия

26.Гана

27.Гватемала

28.Гвинея

29.Гвинея-Бисау

30.Гондурас

31.Гренада

32.Джибути

33.Доминика

34.Доминикан республикасы

35.Замбия

36.Зимбабве

37.Үндістан

38.Индонезия

39.Камбоджа

40.Камерун

41.Катар

42.Кения

43.Кирибати

44.КХДР

45.ҚХР

46.Колумбия

47.Комор аралдары

48.Конго республикасы

49.Коста-Рика

50.Кот-Д Ивуар

51.Куба

52.Кувейт

53.Лаос

54.Лесото

55.Либерия

56.Ливан

57.Лихтенштейн

58.Маврикий

59.Мавритания

60.Мадагаскар

61.Макао (Аомынь)

62.Македония

63.Малави

64.Мали

65.Мальдив республикасы

66.Марокко

67.Маршал аралдары

68.Микронезия

69.Мозамбик

70.Мъянма (Бирма)

71.Намибия

72.Науру

73.Непал

74.Нигер

75.Нигерия

76.Никарагуа

77.Оман

78.Палау

79.Панама

80.Папуа-Новая Гвинея

81.Парагвай

82.Перу

83.Руанда

84.Сальвадор

85.Самоа

86.Сан-Марино

87.Сан-Томе и Принсипи

88.Сауд Арабиясы

89.Свазиленд

90.Сейшел аралдары

91.Сенегал

92.Сент-Винсент и Гренадины

93.Сент-Китс и Невис

94.Сент-Люсия

95.Суринам

96.Сьерра-Леоне

97.Таиланд

98.Танзания

99.Того

100.Тонга

101.Тринидад и Тобаго

102.Тувалу

103.Тунис

104.Түрікменстан

105.Уганда

106.Уругвай

107.Фарер аралдары

108.Фиджи

109.Филиппины

110.Орталық Африка республикасы

111.Чад

112.Черногория (Монтенегро)

113.Шри-Ланка

114.Эритрея

115.Эфиопия

116.ОАР

117.Ямайка


Қазақстанға кіру үшін іскерлік және емделу үшін бір мәртелі электрондық визаларды алуға мүмкін елдердің тізімі

1.Багам аралдары

2.Бермуд аралдары

3.Бурунди

4.Гондурас

5.Гренландия

6.Индонезия

7.Катар

8.Кувейт

9.Лаос

10. Макао

11. Марокко

12. Ватикан

13.Вирджин аралдары

14. Вьетнам

15. Гаити

16. Камбоджа

17. Куба

18. Македония

19. Никарагуа

20. Оман

21. Сербия

22. ОАР

23. Черногория

Қосылған : 14.04.2017, 15:45, Өзгертілген : 14.04.2017, 15:45