​Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу

Құрметті азаматтар!

Қазақстан Республикасының Конституциясының 10-бабының
3-тармағына және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылдың 20 желтоқсандағы Заңның 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.

Шет елдердегі мекемелер:

1.халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, егер Қазақстан азаматына қатысты оның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына, өзге де мемлекеттік органдарына қызметке кіргенін растайтын құжаттар не басқа анық мәліметтер болса;

2.егер азаматтықты көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынғаны анықталған болса;

3.егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;

4.егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы үшін негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некені сот жарамсыз деп таныса, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркейді.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуды ресімдеу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне тапсыру қажет:

1.Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаты;

2.басқа елдің азаматтығын қабылдағанын дәлелдейтін болу елдің құзыретті мекесімен берілген құжат;

3.ерікті нысандағы өтініш

4.3х4 см. көлеміндегі фотографиясымен анкетасын.

Қазақстан Республикасының азаматтығы оны жоғалтқандығын тіркеген күннен бастап тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығы туралы шешім қабылдаудың себептері мен негіздері туралы адамдар хабарландырылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Заңмен белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуді ресімдемеген адамдар Заңның 21-бабының 5) тармақшасында қарастырылған шарт болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу үшін шетелдегі мекемелерге келісі құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тіркеу туралы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының паспорты және жеке куәлігі;

3) шет мемлекеттің азаматы паспортының көшірмесі немесе шетелдік азаматтықтың бар екендігін растайтын құжат;

4) келген елдің құзыретті органдары берген тұрақты тұрғылықты тұруға рұқсат;

5) мөлшері 4 мм х 5 мм фотосурет;

6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға қалған кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екiншi ата-анасының нотариалды түрде расталған келiсiмi. Ата-анасының бiрiнiң келiсiмi болмаған кезде, кәмелет жасқа толмағанның кетуі сот тәртiбiмен шешiледi.

Өтініш беруші өтінішінде Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері бойынша тіркеуін қалдыру еркі туралы көрсеткен жағдайда Қағидалардың осы тармағының 4), 5) және 5) тармақшасында қарастырылған құжаттар талап етілмейді.
Қосылған : 1.04.2017, 14:05, Өзгертілген : 1.04.2017, 14:05