Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі А.А. Бейсенбаевтың баспасөз конференциясы

«Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 27 жыл. Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші Жолдауының негізгі аспектілері»

МИНСК, 2019 жылғы 16 қыркүйек - Беларусь Республикасының Ұлттық Баспа Орталығында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Асқар Бейсенбаевтың Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауының 27 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Қазақстан елшісі бүгін, 16 қыркүйекте Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы ширек ғасырдан асқанын атап өтті. Бейсенбаев қазіргі кезеңде Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін және тұрақтылықпен, өзара түсіністік пен қолдау жағдайында түрлі мәселелерді шешуге сындарлы көзқараспен сипатталатынын атап өтті. Қазақстандық дипломат екі халық пен елдер - Қазақстан мен Беларусь арасындағы достықтың қалыптасуы мен нығаюының маңызды кезеңдері туралы мазмұнды экскурсия өткізді.

Брифинг барысында Қазақстан Елшісі А.Бейсенбаев шетелдік журналистерге Қазақстан Республикасы Президентінің саяси және әлеуметтік жаңару, әлеуметтік-экономикалық даму және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бағытында жүзеге асырылуы тиіс алғашқы Жолдауының міндеттері туралы айтып берді. Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті, агробизнесті және өндірістік инфрақұрылымды дамытудың жаңа міндеттеріне орай Беларусьпен өзара тиімді ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктері атап өтілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, дамыған және инклюзивті экономика құруға, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын модернизациялауға, сондай-ақ аймақтарды нығайтуға бағытталған бастамаларына ерекше назар аударылды.

Сонымен бірге, баспасөз конференциясына қатысушылар Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне орай Қазақстанда өткізілген кейбір іс-шаралармен танысты. Журналистерге Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы күш-жігері туралы, сондай-ақ «ядролық қарусыз әлем мен халықаралық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығы» туралы, 2019 жылдың 29 тамызында өткен таныстыру рәсімі туралы айтылды.

Брифингтен кейін қазақстандық дипломатқа Беларус БАҚ өкілдерінен Қазақстан азаматтарының әлеуметтік қауіпсіздігі, денсаулық сақтау жүйесі және заңдылық туралы сұрақтар қойылды. Көптеген журналистердің назарын жаңа саяси жағдайдағы Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының келешегі аударды.


Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі

Қосылған : 17.09.2019, 18:05, Өзгертілген : 17.09.2019, 18:05