Бірегей байланыс орталығы туралы

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында берген тапсырмасы аясында «Отандастар Қоры» КЕАҚ шет мемлекеттерден келген этникалық қазақтарды бейімдеу және әлеуметтендіру процесінде жәрдем көрсету, сондай-ақ шет елдерде тұратын отандастармен байланыстарды нығайту бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Осыған байланысты, үстіміздегі жылғы 19 сәуірде «Отандастар Қоры» КЕАҚ бастамасы және «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен отандастар мәселелеріне қатысты Бірегей байланыс орталығының (бұдан әрі Орталық) ашылғанын хабарлаймыз.

Аталған Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша отандастарға қызметтер көрсетеді, соның ішінде Қазақстан азаматтығын алу, әлеуметтік жеңілдіктер және төлемдер, мемлекеттік жәрдемақы мен көмектерді тағайындау, сондай-ақ, оралмандарды жұмыспен қамтудың аймақтық квоталарына қосудың тәртібі және т.б. мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша кеңестер ұсынады.

Орталықпен келесі байланыс нөмірлері бойынша хабарласуға болады:

- 1404 (Beeline-нан басқа барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін);

- 8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін);

- +7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін, халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен алынады);

- 8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарламалары үшін);

- e-mail: komek@oq.gov.kz;

- skype: komek@oq.gov.kz.

Қосылған : 23.05.2019, 18:25, Өзгертілген : 23.05.2019, 18:25