Минск қаласында ядролық сынақтардың құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алу және «Where the wind blew» атты фильмнің көрсетілуі өткізілді

2019 ж. 29 тамызда Қазақстанның Беларусьтағы Елшілігінде ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні аясында ядролық қару құрбандары мен одан зардап шеккен жандарды еске алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара аясында Қазақстанның Беларусьтағы УСӨ Қ.Аман ядролық сынақтардан бас тарту бойынша халықаралық аренада Елбасының, Қазақстанның үлесі туралы айтып кетті. Жиналғандар сағат 11.05-де (Минск уақыты бойынша) ядролық сынақтардың құрбандарын еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялады. Сонымен қатар, ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні аясында британдық режиссер А.Сингердің «Where the wind blew» атты фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Қосылған : 29.08.2019, 12:00, Өзгертілген : 29.08.2019, 12:00