Қазақстанның Беларусьтағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

2019 жылғы 5 қыркүйекте Минск қаласында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Бейсенбаев Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасарына А.Евдоченкоға Сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады.

Белорустық дипломат Елшіні дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, алдағы қызметінде табыс тіледі, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара тиімді, дәстүрлі достық қатынастарын күшейтуге дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде А.Бейсенбаев көптеген жылдары қалыптасқан қарым-қатынастар стратегиялық мазмұнға ие болғанын атай келе, Елшілік екі мемлекет лидерлері белгілеген екіжақты әрекеттестіктің барлық спектіріндегі ынтымақтастықты күшейтуге қатысты міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салатыны туралы сендірді.

Елші Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына бірінші Жолдауының басты аспектілері, сондай-ақ елдегі жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік өзгерістер туралы ақпараттандырды.

Жоспардағы екіжақты іс-шаралар графигіне ерекше көңіл бөлінді, ең алдымен Беларусь Республикасы Президенті А.Лукашенконың 2019 жылғы қазандағы сапары аталып өтті. Бұл мәнмәтінде А.Бейсенбаев қазақстандық тарап белорустық серіктестермен әрекеттестік бойынша белсенді дайындық үстінде екеніне тоқталды. Сонымен қатар, Беларусьтің Нұр-Султан қаласындағы Елшілігінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатын сапар бағдарламасына кіргізу мәселесі қарастырылу үстінде екенін ескере келе, мүдделі қазақстандық және белорустық компаниялардың қатысуымен жаңа ғимаратта бизнес-форум өткізу жоспарланғанын атады.

Қосылған : 5.09.2019, 15:00, Өзгертілген : 5.09.2019, 15:00