Беларусьта Қазақстан азаматтары 9 маусымда президент сайлауында дауыс бере алады

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізіледі.

Беларусь аумағында әр Қазақстан азаматы Минск және Брест қалаларында сайлау учаскелеріне келіп, ҚР Президенті сайлауына қатысып отырған жеті кандидаттар біреуіне өз дауысын бере алады.

Қазақстан Республикасының Минск қаласындағы Елшілігінде №263 сайлау учаскесі жұмыс атқарады. Сайлау учаскесінің жұмыс уақыты: ашылуы: 07:00 сағ – жабылуы: 20:00 сағ. Сайлау учаскесінің мекен-жайы: Минск қаласы, пр.Победителей, 67 (Қазақстан Республикасының Елшілігінің ғимараты).

Беларусьте тағыда сайлау учаскесі ашылады:

Брест қ., К.Маркса к., 82 Тел.: (8-375) 162-203-500 Факс.: (8-375) 162-205-242 E-mail: brest-consul@tut.by, brest@mfa.kz Веб-сайт: http://www.mfa.kz/kz/brest

Қосылған : 22.05.2019, 15:50, Өзгертілген : 22.05.2019, 15:50