Экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан мен Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша

анықтама

Беларусь Республикасының Статистикалық комитетінің мәліметі бойынша Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында сауда айналымы 714,5 млн. АҚШ долларын құрады (бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1 %-ға артты), қазақстандық өнімнің импорты 35,5 %-ға өсіп және 112,2 млн. долларды құрады, ал Беларусьтен Қазақстанға экспорты 1,3%-ға азайып (артып), 602 млн. долларды құрады.

Қазақстанның Статистика комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде сауда айналымы 526,2 млн. долларын құрады, Қазақстаннан Беларуське экспорт - 68 млн. долларды, ал Беларусьтен Қазақстанға импорт – 458,2 млн. долларды құрады.

Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды элементі, 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясы(ҮАҚ) болып табылады.

ҮАК-тың 15-ші отырысы 2019 жылы 10 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Отырыс барысында ҮАК-ың 14-ші отырысы хаттамасының орындалуы, сондай-ақ екіжақты Үкімет арасындағы 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары, Қазақстан мен Беларусияның сауда-экономикалық ынтымақтастығы және оның перспективалық кеңейтуі, өндірістік кооперациясы саласындағы ынтымақтастығы және жабдықтармен қамтамасыз етуі, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласында, денсаулық сақтаудағы, мәдени-гуманитарлық саласындағы ынтымақтастықты, ғылым саласында, технология және білім, ғарыштық салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша ҮАК-ың хаттамасына қол қойылды.

ҮАК-тың кезекті 16-ші отырысын 2020 жылда Қазақстанда өткізу жоспарланып отыр.

Беларусь Республикасының Президенті А.Г. Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапар аясында 2019 жылғы 24 қазаңда Қазақстан-Белорусь бизнес-форумы өткізілді, оның қорытындысы бойынша машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен және фармацевтика саласындағы жалпы сомасы 75 млн долларды құрайтын 15 келісімге қол қойылды.

Форум жұмысы барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту және бизнесті жүргізудің практикалық аспектілері ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қауымдастықтың алдына қойылған перспективалары мен міндеттері, сонымен қатар Қазақстан мен Белорусь бизнес-құрылымдар арасында жаңа байланыстар орнатылған.

Елдер арасында агроөнеркәсіп саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамуда. Сонымен, 2019 жылғы 25 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын дамыту бойынша Беларусь-Қазақстан ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Бірлескен жұмыстың перспективалық бағыттары талқыланды: өнімді одан әрі Азия нарығына экспорттау үшін ет және сүтті қайта өңдеу жобаларын іске асыру, Беларуссияның асыл тұқымды ірі қара малымен қамтамасыз ету, Қазақстанның ішкі нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және үшінші елдерге экспорттау перспективасымен ветеринариялық препараттар шығаратын бірлескен кәсіпорын құру.

2019 жылғы қаңтар-тамызда екі ел арасындағы ауылшаруашылық өнімдері мен тамақ өнімдерінің сауда айналымы 197,7 млн. долларға жетті.

2019 жылғы 5-ші шілдеде Минск қаласында Қазақстан Сыртқы сауда палатасы мен Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы Іскерлік кеңестің бірінші отырысы өтті.

Сауда қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, сонымен қатар 2019 жылғы 3-5 шілде аралығында Минск қаласында қазақстандық азық-түлік өндірушілері макарон өнімдері, бұқтырылған ет, кондитерлік өнімдер, ұн, шырындар, майонез және кетчуп сияқты тауарлары бойынша жарнамалық-дегустациялық көрме өткізді.

Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыты өнеркәсіптік кооперациясы болып табылады.

Бүгінге бұл бағытта екіжақты ынтымақтастықтың шеңберінде 8 жоба бірлесіп іске асырылды:

1. "КазБелАз" БК ЖШС-сі негізінде "БелАз" карьерлік техникасын құрастыру және техникалық қызмет көрсетуі.

2. "Агромашхолдинг"АҚ-сы негізінде комбайндар өндірісі.

2019 жылғы қаңтар-шілдеде 13,1 млрд. теңгеге 290 комбайн өндірілді.

3. "СемАЗ" ЖШС-сі негізінде "Беларус" тракторлар өндірісі.

2019 жылғы қаңтар- шілдеде 2,3 млрд. теңге сомасына 305 трактор өндірілді.

4. "Композит Групп" ЖШС-сі негізінде"Беларус" тракторлар өндірісі.

2019 жылғы қаңтар- шілдеде 760 млн. теңге сомасына 111 трактор өндірілді.

5. "Hyundai Trans Auto " ЖШС-сі негізінде "МАЗ " автотехникасының өндірісі.

6. "Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС-сі негізінде ауыл шаруашылық техникасының өндірісі.

2019 жылғы қаңтар- шілдеде 4,6 млрд. теңге сомасына 793 бірлік техника өндірілді.

7. "Семей машина жасау зауыты "АҚ-сы негізінде ''МАЗ " автотехникасының өндірісі.

8. "Алатау" Лифт жасау компаниясы " ЖШС-сі негізінде лифттер өндірісі.


Көлік саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Беларусьтың көлік-логистикалық инфрақұрылымының интеграция үдерісі оң нәтиже беруде. 2018 жылы Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша темір жол көлігімен экспорттық-импорттық, сондай-ақ транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемінің тұрақты өсуі байқалды.

Анықтамалық: 2018 жылы Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы экспорттық және импорттық жүктердің көлемі 7,3%-ға(76,13 мың тонна) артып 1127,31 мың тоннаны құрады (2017 жылы - 1051,17 мың тонна). Қазақстан темір жолы бойынша транзитпен жүк тасымалдау көлемі 6,4%-ға (15,23 мың тонна) артып және 255,06 мың тоннаны құрады (2017 жылы - 239,83 мың тонна).

2019 жылдың 6 айында Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы экспорттық және импорттық жүктердің көлемі 569,25 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (584,69 мың тонна) 3%-ға (15,44 мың тоннаға) азайды.

- экспорт - 364,28 мың тонна, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (330,60 мың тонна) 10%-ға (33,68 мың тоннаға) артты;

- импорт-204,97 мың тонна, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (254,09 мың тонна) 19%-ға (49,12 мың тоннаға) азайды.

2019 жылдың 6 айында Қазақстан темір жолы арқылы транзитпен жүк тасымалдау көлемі 102,46 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (138,55 мың тонна) 26%-ға (36,09 мың тоннаға) азайды.

- Беларуське - 8,43 мың тонна, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (6,28 мың тонна) 34%-ға (2,15 мың тоннаға) артты.

- Беларусьтен - 94,03 мың тонна, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (132,27 мың тонна) 29%-ға (38,24 мың тоннаға) азайды.

ҚХР-ЕО-ҚХР бағытындағы контейнерлік тасымалдар бойынша оң динамика байқалады.


2019 жылдың 6 айында ҚХР-ЕО-ҚХР бағыты бойынша Қазақстан арқылы транзиттік контейнерлік тасымалдардың көлемі данамен 1390 контейнерлік пойызды құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17% - ға өсті (2018 жылы - данамен 1227 контейнерлік пойыз).

Ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылдануда.

Тараптар бірлескен қазақстан-белорус жұмыс тобын құрды, бұл ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін тұрақты негізде қарастырады.

Аймақаралық байланыстар барысында өңіраралық сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 9.11.2016, 11:03