Қазақстанның Елшісі Асқар Бейсенбаев Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Анатолий Хотькомен кездесті

2019 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстанның Елшісі Асқар Бейсенбаев Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі А.Хотькомен кездесу өткізді.

Тараптар ауыл шаруышылығы және азық-түлік саласындағы Беларусь пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайту, соның ішінде бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Сөйлесу барысында А.Бейсенбаев мемлекеттер арасында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті туралы атап өтіп, екі ел фермерлеріне түрлі қызметтер көрсету мақсатында қазақстандық тараптың сүт, ет, астық салаларында бірлескен кәсіпорындар құруға қызығушылығын білдірді.

Өз кезегінде А.Хатько ветеринарияға вакциналар өндіретін бірлескен кәсіпорын құрудың мүмкіндігін қарастыру және аталған мәселені                           Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 15-отырысында талқылау бойынша ұсыныс енгізіді.

Сонымен бірге, алдағы екіжақты іс-шаралар графигіне, ең алдымен 2019 жылғы қазанға жоспарланған Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапарына ерекше көңіл бөлінді.

Қосылған : 30.09.2019, 17:00, Өзгертілген : 30.09.2019, 17:00