Минскте «Қазақстан достары клубының» кезекті отырысы өтті

2019 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстанның Беларусьтағы Елшілігінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстан достары клубының» кезекті отырысы болып өтті.

Іс-шараға Беларусьтің көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, іскер топтардың өкілдері, жазушылар, ЖОО ректорлары, мемлекеттік БАҚ басшылығы және басқа да танымал тұлғалар қатысты.

Кездесу барысында ҚР-дың Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөліне аса көңіл бөлінді.

Қазақстан Елшісі Асқар Бейсенбаев ашылу салтанатында еліміздің тұрақтылық пен өрлеу жолына шығуына септігін тигізген Н.Назарбаевтың саяси-экономикалық реформалары мен бітімгерлік бастамаларына ерекше көңіл бөлді. Ұлт Көшбасшысының бейбішілік пен қоғамдық бірлік моделі саяси мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналып, қоғамның үйлесімді дамуының эталоны ретінде мойындалды.

Елбасының әлемге ЕАЭК бастамашысы, еуразиялық интеграцияның, жаһандық антиядролық қозғалыстың жақтаушысы ретінде танымал екеніне Дипломат айрықша көңіл аударды. Қайта құру арқасында Қазақстан аймақтық және әлемдік деңгейде белсенді саяси қатысушыға, әлемдік деңгейдегі мемлекетке айналды.

А.Бейсенбаев сұхбат барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жаңғыру, қоғамдық диалог орнату, жеке бастамалар мен бизнеске ауқымды қолдау көрсету, сондай-ақ мемлекеттік аппарат жұмысын жақсартуға бағытталған нақты қадамдарды шоғырландыратын «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты бірінші Жолдауының негізгі қырлары туралы айтып өтті. Президент                   Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының бағытын жалғастырып, мемлекеттің табысты дамуын қамтамасыз ететіні аталды.

Отырыс барысында Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысының Өкілдер Палатасы Төрағасының орынбасары Болеслав Пирштук Қазақстан мен Беларусьтің екіжақты қатынастардағы ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи маңыздылығын айта келе, қазақстандықтарды мемлекеттік мерекемен құттықтады. Ол Қазақстандағы саяси-экономикалық және қоғамдық қайта құруларды жоғары бағалап, Президент Қ.Тоқаевтың жаңа саяси бастамаларына табыс тіледі.

Беларусь жазушылары Одағының Төрағасы Николай Чегинец өз кезегінде нақ Нұрсұлтан Әбішұлының саяси және экономикалық реформалары бүгінгі Қазақстанды табысты және дамыған мемлекетке айналдырғанын атап өтті. Н.Чергинец белорус әдеби қоғамдастығының серіктес қатынастарды ілгерілетуге қызығушылығы туралы айта келе, «Қазақстан достары клубы» халықтарымыздың мүддесіне орай ынтымақтастықты тереңдету үшін бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді. 


Қосылған : 3.12.2019, 15:00, Өзгертілген : 3.12.2019, 15:00