Нұр-Сұлтан және Минск қалаларды дамыту үшін озық тәжірибелермен алмасуға ниетті

18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласыының Әкімі Алтай Көлгіновтің Беларусь Республикасына сапары болып өтті.

Сапар барысында А.Көлгінов Минск қалалық Атқарушы комитетінің төрағасы Анатолий Сивакпен келіссөздер өткізіп, екіжақты қатынастарды дамытуды талқылады. Кедесуге Қазақстанның Беларусьтағы Елшісі А.Бейсенбаев қатысты. Тараптар аймақаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Минск пен Қазақстанның ірі қалалары арасындағы экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан және Минск қалалары арасындағы тәжірибелік байланысты күшейту, оның ішінде цифрландыру саласы, «ақылды қала» жүйесін дамыту, сондай-ақ болашақта бірқатар бірлескен мәдени шараларды өткізу туралы сөз қозғалды.

Кездесу соңында А.Көлгінов 2020 жыл Минск пен Нұр-Сұлтан арасындағы қатынастардың мерейтойлы болатынын атап өтіп, Минск мэрін өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, туризм және спорт саласындағы практикалық ынтымақтастықты жалғастыру үшін қазақстандық астанаға шақырды.

Сол күні қазақстандық делегация «Амкодор» холдингінің Басқарушы компаниясында болып, онда шығарылып жатқан өнімнің түрлерімен таныстырылды және Қазақстан аумағында «Амкодор» техникасының бірлескен өндірісін құру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Беларусьтің Жоғары технологиялар паркінде болу елінің компанияларының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ стартаптарды қолдау мен дамыту саласындағы жетістіктерімен танысты.

Қосылған : 16.11.2019, 15:00, Өзгертілген : 16.11.2019, 15:00