Минскте сарапшылар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады

2019 жылғы 12 қарашада Минск қаласында «Еуразия қақпасы: белорус-қазақстандық қатынастардың тәжірибесі мен ынтымақтастықтың жаңа шегі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Беларусь стратегиялық зерттеу институты, Қауіпсіздік және сыртқы саясатты зерделеу Орталығының сарапшылары, Белорус Мемлекеттік университетінің (БМУ) оқытушылары қатысты.

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Асқар Бейсенбаев, БР Экономика министрлігінің Экономикалық интеграция бас басқармасының басшысы Алексей Мацевило және БМУ Халықаралық қатынастар факультетінің (ХҚФ) деканы Виктор Шадурский сөз сөйледі.

БМУ ХҚФ халықаралық қатынастар кафедрасының доценті Роза Тұрарбекова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап өткен еліміздің ішкі және сыртқы саясаты, оның жаңа бағыттары жөнінде сарапшылық пікірімен бөлісті.

Сарапшы өзінің мәлімдемесінде халықтың дәулеттілігін жақсарту, соның ішінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша Қазақстан Президентінің қолға алған нақты шаралары туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Беларусь ынтымақтастығының болашағы, екі мемлекет Үкіметтерінің еуразиялық интеграциялық жобалары мен бастамаларындағы өзара әрекеттесуі туралы пікір алысты.

Қосылған : 13.11.2019, 10:00, Өзгертілген : 13.11.2019, 10:00