Қазақстанның Беларусьтағы Елшісі Асқар Бейсенбаев Беларусь Республикасының Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының Депутаты Светлана Чеканмен кездесті

2019 жылғы 5 қарашада Қазақстанның Беларусьтағы Елшісі Асқар Бейсенбаев Беларусь Республикасының Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының Аграрлық мәселелер жөніндегі Тұрақты комиссиясы Төрағасының орынбасары Светлана Чеканмен кездесу өткізді.

Тараптар екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, азық-түлік өнімдер жеткізілімін өзара ұлғайту мәселелерін талқылады.

Сұхбаттасушылар Беларусь Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасына сапары шеңберінде өткен АӨК саласындағы негізгі іс-шара – Ауыл шаруашылығы министрлері Жұмыс тобының бірлескен отырысы болғанын атап өтті. Кездесу қорытындылары бойынша қол қойылған отырыс хаттамасы мемлекеттеріміздің агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастығының әлеуеті жоғары екенін көрсетті.

Қосылған : 5.11.2019, 15:00, Өзгертілген : 5.11.2019, 15:00