Қазақстан Парламенті Сенатының Вице-спикері Украина Президентімен кездесті

Ү.ж. 20 мамырда Киевте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.

Сенатор Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Қазақстан халқының атынан Украина Президентін лауазымына ресми кірісуімен құттықтап, бауырлас Украина халқының игілігіне арналған қызметінде сәттілік тіледі.

Кездесу барысында қазақстандық-украиналық қатынастарды жандандыру мәселелерінің кең аясы талқыланды.

Қосылған : 20.05.2019, 22:30, Өзгертілген : 20.05.2019, 22:30