Киевте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мемлекеттік қабылдау өтті

2018 жылғы 5 желтоқсанда Киевте «Fairmont Grand Hotel Kyiv» қонақ үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мемлекеттік қабылдауы өтті.

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Самат Ордабаев өз сөзінде, Тәуелсіз 27 жылдың ішінде мемлекетте үлкен өзгерістер орын алғандығын, соның нәтижесінде Қазақстан қарқынды дамушы экономикасы бар саяси тұрақты мемлекет болып орныққанын белгілеп кетті.

«Мемлекеттің экономикалық орынығуының, тұрақтылығының, инвестициялық жағдайының арқасында соңғы 20 жылдың ішінде мемлекетке 300 миллиард АҚШ доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Тек соңғы 10 жылдың ішінде 500 жаңа өнімдердің түрлері шығарылды, соның ішінде көліктер, локомотивтер, Жерді қашықтықтан алдын ала тексеру үшін ғарыштық құрылғылар, уранның толық айналсоқ қайта жасап шығарылуы болды» - деді Елші.

Сонымен қатар, дипллиматиялық миссияның басшысы Қазақстан экономикасының сандық жүйеге көшуі, бизнес ортаның түбегейлі жақсаруы және Астана Халықаралық қаржылық орталығы жұмысының ерекшеліктері туралы мәлімет берді.

Қазақстан мен Украина ынтымақтастығы бағыттарының келешегіне ерекше көңіл аудырды.

«Украина біз үшін тарихи жақын мемлекет болып келеді. Біз әрдайым өз қарым-қатынастарымызды өзара сыйластық пен тең құқықтық негізінде құрған болытынбыз. Біздің мемлекеттеріміз арасында еркін сауда-саттық тәртібі орнатылған. Соған қоса, біз атомдық энергетика, газ, ауыл шаруашылық машыналарын жасау, аграрлық шикізат, көлік дәліздерінің құрылу салаларында мемлекетаралық ірі жобалар іске асырып жатырмыз» - деп белгілеп кетті Самат Ордабаев.

Салтанатты шара аясында украиналық танымал суретші Н.Мкртчянның қазақ халқының мәдениетіне, дәстүрлеріне және салтына арналған суреттерінің тематикалық көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтардың ерекше назарын украиндық «Diplomat» журналының Қазақстан туралы арнайы нөмірі және Қазақстан Республикасының Елшілігі және Құрметті консулдығымен шығарылған Т.Шевченконың қазақ жеріндегі шығармашылық кезі және өмірі туралы «Кобзарь в степях Казахстана» кітабы аударған.


ҚР Украинадағы Елшілігі

Қосылған : 6.12.2018, 12:50, Өзгертілген : 6.12.2018, 12:50