Киевте әскерлердің Ауғанстаннан шығарылуының 30-жылдығына орай фотокөрме ұйымдастырылды

Ү.ж. 5 ақпанда Киев қаласында Қазақстанның Украинадағы Елшісі Самат Ордабаев әскерлердің Ауғанстаннан шығарылуының 30-жылдығына орай фотокөрменің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Елшіліктің ұсынуымен фотокөрменің арнайы стенді "ауған соғысының" қазақстандық ардагерлеріне арналды.

Анықтама: 1978 және 1989 жылдары аралығында 22 мыңнан астам қазақстандықтар "ауған соғысына" қатысты. Олардың 924 соғыста қаза тапты, 1 мыңнан астамы жараланып, 19 - хабар-ошарсыз кетті.

ҚР Украинадағы Елшілігі


Қосылған : 5.02.2019, 18:20, Өзгертілген : 5.02.2019, 18:20