Киевте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай шығарылған кітаптың тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының Бірінші Президент күні қарсаңында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу шеңберінде 2016 жылғы 21 қарашада Киевтің Ұлттық Ғылым Академиясында «Орталық Азия Барысы» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Аталмыш кітап Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің қолдауымен украиналық көрнекті публицист, Қазақстандық-украиндық қатынастардың мемелекетаралық институтының директоры Николай Иванович Степаненкомен дайындалды.

Презентацияға Украинада аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, Жоғарғы Раданың халық депутаттары, Украинаның Сыртқы істер Министрлігінің, академиялық және эксперттік қауымдастық өкілдері, атақты жазушылар және БАҚ қатысты.

Автор өзінің еңбегінде егеменді Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, экономикалық модернизация, демократиялық қоғамды құру және сыртқы саяси басымдықтарды қамтитытын мемлекеттің даму стратегиясына баса назар аударды.

Қазақстандық-украиндық ынтымақтастықтың перспективаларына ерекше назар аударылды.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Самат Ордабаев қазақстандық Көшбасшы, Президент Нұрсұлтан Әбішұлының Назарбаевтың егеменді Қазақстанның қалыптасуы, жемісті саяси және экономикалық реформаларды, халықаралық аренадағы салмақты және жауапты саясатты жүзеге асырудағы ерекше тарихи ролін атап өтті. «Мәңгілік Ел» атты патриоттық жалпыхалықтық жобасы мен Ұлт Жоспарының «100 нақты қадам» атты бес институцияналдық реформаларының өзекті ережелері тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын туғызды.

Қазақстанның дипломатиялық миссиясының басшысы Украинаның Екінші Президенті Леонид Данилович Кучмаға кітаптың алғысөзінде Қазақстан және оның Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы жылы және шынайы сөздері үшін айрықша алғысын білдірді.

Іс-шарада украиндық қоғамның көрнекті өкілдері сөз сөйледі. Атап айтсақ, Украинаның Ұлттық Ғылым Академиясының вице-президенті Анатолий Загородний Қазақстан және Укараинаны достық пен бауырластығының тығыз тарихи байланыстары туралы айтты. «Қазақстанның 25 жыл ішінде жеткен табыстары таң қалдырмайды деп айтуға мүмкін емес және болашақта сол табыстар еселеп көбейетініне еш күмәнім жоқ», - деп қосты академик.

Украина Жоғарғы Радасының депутаты Руслан Демчак қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25-жылдығымен құттықтап, Қазақстанның экономика және әлеуметтік саясат салаларындағы жетістіктеріне ерекше көңіл аударды. Сонымен қоса, «Украина Қазақстанның мықты және тәуелсіз болуына мүдделі» екендігін айтты.

Украинадағы атақты ақын, драмматург, Украина батыры Иван Федорович Драч өз сөзінде «Бұл іс-шара тағы бір мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні қарсаңында өткізіліп отыр. Қазіргі Қазақстанның барлық жетістіктері жаһандық масштабтағы саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен байланысты»,-деп баса айтты.

Украинаның академиялық және эксперттік орталары «Орталық Азия Барысы» кітабын жоғары бағалап, Қазақстанның халықаралық сахнадағы жетістіктерін және Қазақстанның Украинамен достық пен ынтымақтастығының тереңдетілуі мен нығаюының маңыздылығын баса айтты.

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі

Қосылған : 22.11.2016, 15:46, Өзгертілген : 22.11.2016, 15:46