Киевте «жасыл» энергетиканы дамытудың қазақстандық тәжірибесі ұсынылды

2019 жылғы 14 наурызда Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі А.Таңбай Энергетикалық форумның қатысушыларын жаңартылатын энергетиканы дамыту саласындағы қазақстандық тәжірибемен таныстырды. Ерекше назар Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама мен ЖЭК-ті заңнамалық қолдау шараларына жасалды.

Украиналық аудитория жаңартылатын энергетикаға мемлекеттік қолдау шаралары мен «жасыл» аукциондарды енгізудің қазақстандық тәжірибесі аса қызықтырды.

ҚР Украинадағы Елшілігі

Қосылған : 14.03.2019, 18:00, Өзгертілген : 14.03.2019, 18:00