Киевте көктемнің жарқын мейрамы Наурызды атап өтілді

2019 жылы 19 наурызда Әзірбайжан, Афганистан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан елшіліктері көктемнің және шаттықтың жарқын мейрамы Наурызды атап өтті.

Қонақтар ұйымдастырушы мемлекеттердің мәдениеттерімен, салт-дәстүрлерімен, сондай-ақ берекелі бай шығыс тағамдарымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстандық елшіліктің экспозициясында қазақ халқының тұрмыс заттары, бейнелеу өнері, ұлттық киімдері, сирек кездесетін кітаптар және тағы да басқа көптеген бұйымдар көрсетілді.

Қосылған : 19.03.2019, 17:40, Өзгертілген : 19.03.2019, 17:40