Украинаға Қазақстаннан ерекше қонақ келді

2019 жылғы 18 наурызда Қазақстанның Украинадағы Елшілігінде қонақта Әли Тұрғанбеков болды. Елшімен кездесу барысында ол өзінің оқу және спорттағы жетістіктерімен, сондай-ақ өзін-өзі даму бойынша жоспарларымен бөлісті.

Әли сирек кездесетін ақаудан аяқсыз туылғанына қарамастан, белсенді өмір салтын ұстанып, өз оқиғаларымен әлеуметтік желілерде бөлісіп отырады, футбол ойнап, жүзумен айналысады. Ол өзінің 10 жасында танымал сөз шебері Ник Вуйчичпен және әлемдік футбол жұлдыздары - Диего Марадона, «Пари Сен-Жермен» клубының ойыншылары Эдинсоном Кавани, Килианом Мбаппе және Неймармен кездесіп үлгерді.

Бұл жолы Әли әйгілі украиналық футболшы, Украина құрама командасының бас жаттықтырушысы Андрей Шевченконың шақыруымен Киевке келіп, оның командасының ашық жаттығуына қатысты.


Қосылған : 19.03.2019, 09:30, Өзгертілген : 19.03.2019, 09:30