Агроөнеркәсіп кешенінде қазақстандық-украиналық ынтымақтастықтың серпіні өсуде

Үстіміздегі жылғы 1-2 қарашада Бүкіл украиналық Аграрлы Раданың шақыруымен Қазақстанның Украина мен Молдовадағы Елшісі С.Ордабаевтың Умань қаласына (Черкасск облысы) сапары өтті. Оның шеңберінде сүтті және етті мал шаруашылығы саласындағы қазақстандық-украиналық ынтымақтастықты дамытудың екі жылдық жұмысының қорытындысы жасалды.

Дипломатиялық миссияның басшысы «Кишенцы» сүтті өндіру ассоциациясының тәжірибелік оқу орталығының мүмкіндіктерімен танысып, сондай-ақ «Сүтті дайындау пунктінің» өндіріс алаңында және Умань жылу комбинатында болды.

Сонымен қатар, Елші Украиналық аграрлы лицейдің оқытушы құрамымен және оқушыларымен өткен ресми емес әңгімелесу барысында қазіргі Қазақстан туралы айтып, қазақстандық-украиналық ынтымақтастықты дамытудың келешегі туралы өзінің көз-қарасымен бөлісті.

Анықтама:Сүт өндірушілердің ассоциациясының қолдауымен Қазақстанның Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс өңірлерінде сүт-тауарлы фермаларының құрылысы бойынша 5 ірі жоба іске асырылуда, келесі шаруашылықтарда: «Жақсылық Агро» ЖШС, «Табыс» ҚШ, «Қазына Жер» ЖШС және т.б. сүт өндірісінің толық технологиялық сүйемелдеуі жүргізіледі. Қазақстандық сүт фермаларының өнімділігі еуропалық деңгейге дейін көтерілуі атқарылған жұмыстың нәтижесі болып табылды.

Қосылған : 2.11.2018, 14:50, Өзгертілген : 2.11.2018, 14:50