Украина аумағында болу және кіру/шығу тәртібі

Қазақстан Республикасы мен Украина арасында 2002 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметімен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімі қолданылады.

Бір Тарап мемлекетінің азаматтары шетелге жол жүру үшін жарамды құжаттарының негізінде баратын мемлекеттің мемлекеттік шекарасын бірінші рет кесіп өткен күнінен бастап бір жүз сексен (180) күн ішінде тоқсан (90) күнге дейінгі мерзімде екінші Тарап мемлекетінің аумағына визасыз келе алады, транзитпен өте алады, кете алады және бола алады.

Егер мұндай болу мерзімі екінші Тарап мемлекетінің аумағына бірінші рет келген күнінен бастап бір жүз сексен (180) күн ішінде тоқсан (90) күннен аспайтын болса, оларда осы екінші Тарап мемлекетінің аумағына кірген кезде шекаралық бақылау органдарының белгісі қойылған көші-қон карточкасы болған жағдайда, бір Тарап мемлекетінің азаматтары өзара негізде осы екінші Тарап мемлекетінің аумағына құзыретті органдарда тіркелуден босатылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары Украинаға келесі құжаттар арқылы кіре алады:
- дипломаттық паспорт;

- қызметтiк паспорт;

- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

- теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазба немесе одан көшiрме болған жағдайда);

- әуе кемесi экипажы мүшесiнiң куәлiгi (ұшу тапсырмасында жазба болған жағдайда);

- Қазақстан Республикасына қайта оралуына арналған куәлік (Қазақстан Республикасына қайта оралу үшiн ғана).

Кәмелет жасқа толмаған азаматтар жеке жол жүру құжаты арқылы немесе ата-анасының паспортына жазылу жолымен бірге сапар шегуі мүмкін. Шекараны өту барысында тұлғаларда баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы және екінші ата-анасының баланың шетелге шығуына нотариалды түрде куәландырылған келісімі болу қажет.

Егер Украина аумағында 90 күннен астам уақыт болуды жоспарласаңыз,онда Украина аумағына кіру үшін тиісті санаттағы визаны ашып, Украинаға келген аралықта ықтиярхат (уақытша немесе тұрақты) рәсімдеуге болады.

Виза Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде – Астана қаласындағы рәсімделеді (кедендік бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін виза рәсімделмейді).

Уақытша немесе тұрақты тұру ықтиярхатын рәсімдеу Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметінің өңірлік мекемелерімен немесе бөлімшелерімен жүзеге асырылады.

Ықтиярхат Украинаға келесі мақсаттарда келген тұлғаларға рәсімделуі мүмкін:

  • жұмыс,
  • оқу;
  • отбасымен бірігу;
  • дін оқыту;
  • халықаралық және өңірлік волонтерлік бағдарламаларға қатысу мақсатында мәдени, ғылыми, білім беру қызметін жүзеге асыру;

жетелдік БАҚ өкілі немесе тілші болып жұмыс істеу.

Украина аумағында болу мерзімі кей жағдайларда Мемлекеттік көші-қон қызметінің өңірлік мекемелерімен немесе бөлімшелерімен ұзартылуы мүмкін.

Украинаның кейбір аймақтарына кіру ерекшеліктеріне байланысты ақпаратты төменде көрсетілген сілтемелерден таба аласыз.

http://zakon3.rada.gov.ua/laws/show/367-2015-%D0%BF

https://ssu.gov.ua/ua/pages/32

Қосылған : 12.04.2017, 10:50, Өзгертілген : 12.04.2017, 10:50