Консулдық заңдастыру

ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінде

құжаттарды заңдастыру

Қазақстан Республикасы шетелдік ресми құжаттарды заңдастырылуын талап етуді жоятын Конвенцияға мүше мемлекет болып табылады (Гаага конвенциясы, 1961 ж. (Қосымша1)

Гаага конвенциясына сәйкес, бір мемлекеттің құзыретті органдарымен жасалған және Гаага конвенциясына қатысушы басқа да мемлекеттің аумағында қолдануға жататын құжаттарға «апостиль» (Гаага конвенциясына сәйкес дайындалған арнаулы растама мөртаңба) мөрі қойылады.

Құжат пайдаланатын мемлекет Гаага конвенциясының мүшесі болып табылмаса, консулдық заңдастыру рәсімін жүзеге асыру қажет.

Консулдық заңдастыру (бұдан әрі - заңдастыру) дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға лауазым иесiнiң қойған қолымен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтаумен куәландыру болып табылады. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 Бұйрығымен реттелінеді.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • 1.еркін нысандағы өтініш;
  • 2.көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме);
  • 3.консулдық заңдастыруға жататын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • 4.консулдық төлем-ақыны төлегенiн растайтын құжат;
  • 5.құрылтай құжаттары (заңды тұлғалар үшін);
  • 6.сенімхат (өтініш білдіруші келе алмаған жағдайда).

Заңдастыруға жататын құжаттарға қойылатын талаптар

Заңдастырылатын құжаттар түпнұсқа ретінде, сондай-ақ, нотариалдық расталған түрінде де қабылдануда. Егер шетелдік дипломатиялық өкілдік немесе шетелдік мекеме заңдастыратын құжатты мемлекеттік немесе орыс тілдерінен аударуды талап ететін болса, онда оларды Консулдық қызмет департаментте аудармамен бірге заңдастыру жасалынуы мүмкін.

Заңдастыруға ұсынылатын құжаттар мен актілер анық және дәл жазылуы тиіс, сондай-ақ, лауазымды тұлғалардың қолтаңбалары мен мөрлерінің басылуы анық болуы қажет.

Консулдық қызмет департаментi шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шығатын құжаттар мен актiлердi, егер олар құжат шыққан шетел мемлекетiнiң шет елдік мекемесiнде алдын ала заңдастырылған болса заңдастырады.

Құжаттарды заңдастыру ақылы болып табылады. Төлемақы Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы жүзеге асырылады.

Консулдық алымды төлеуге арналған реквизиттер

Ескерту: құжатта көрсетілген тұлға атынан заңдастырылатын құжаттың әрбіріне екі бірдей төлемақы алынады.

Консулдық алым үшін төлемақы

ҚР СІМ ШБ РМК-нің қызметі үшін төлемақы

Ақысы –1061 теңге

Ақысы6363 теңге

Бенефициар – Астана қаласы, Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы

БИК (МФО) – KKMFKZ2A

БИН – 081240013779

ИИК (есеп айырысу шоты) – KZ24070105KSN0000000

Банк бенефициары – ҚР Қаржы министрлігі Қазыналық комитеті ММ

КБК – 108101

КБЕ – 11

КНП – 911

БИК – SABRKZKA

БИН - 020240002254

ИИК - KZ72914398416BC06615

Банк – Астана қ., АҚ СБЕРБАНК

КБЕ – 16

КНП – 859

Алушы - ҚР СІМ ШБ РМК

Код - 16

Құжаттарды Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерде заңдастырылуы

Шетелде құжаттардың заңдастырылуымен Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері айналысады.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • 1.еркін нысандағы өтініш;
  • 2.көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме);
  • 3.консулдық заңдастыруға жататын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • 4.консулдық төлем-ақыны төлегенiн растайтын құжат;
  • 5.құрылтай құжаттары (заңды тұлғалар үшін);
  • 6.сенімхат (өтініш білдіруші келе алмаған жағдайда).

Қазақстан Республикасының аумағында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер жекелеген азаматтардан, ұйымдардан және мекемелерден келiп түскен жағдайларда, консул ондай құжаттар мен актiлердi олардың түпнұсқалығын анықтау мақсатында Консулдық қызмет департаментіне жiберуге тиiстi. Ойдағыдай жауап берiлген жағдайда, консул аталған құжаттар мен актiлердi жалпы тәртiпке жүгiне отырып заңдастырады.

Заңдастыруға ұсынылған құжаттар мен актiлердiң болатын мемлекеттiң заңнамасына iс жүзiндегi сәйкестiгi жөнiнде күдiк туындаған жағдайда, консул ресми түсiндiрудi алу үшiн консулдық аймақтың билiк орындарына сұрау салу жасайды.

Қосылған : 1.04.2017, 15:40, Өзгертілген : 1.04.2017, 15:50