Қазақстан Елшісі Киев халықаралық университетінде лекция өткізді

2019 жылғы 6 наурызда Киевте Қазақстанның Украинадағы Елшісі Самат Ордабаев Киев халықаралық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттері үшін лекция өткізді.

Дипломатиялық миссия басшысы аудиторияға Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, елдегі соңғы саяси және экономикалық жаңарулар, оның ішінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясының соңғы съезінде жеткізген мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жаңа басымдықтары туралы егжей-тегжейлі хабарлады.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру бойынша ұйымдастырылған жобалар көпшіліктің ерекше қызығушылығын туғызды.

Лекцияның соңында қазақстандық-украиналық қатынастардың даму келешегі талқыланды.


ҚР Украинадағы Елшілігі

Қосылған : 7.03.2019, 10:00, Өзгертілген : 7.03.2019, 10:00