Қазақстанның Елшісі Харьковтегі халықаралық экономикалық форумға қатысты

Қазақстан Республикасының Украина және Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Самат Ордабаев 2017 жылғы 22 қыркүйекте Харьков қ. өткен «Инновациялар. Инвестициялар. Харьков бастамалары!» атты IX Халықаралық экономикалық форумға қатысты.

Дипломатиялық миссияның басшысы Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың болашағы туралы көз-қарасымен бөлісті. Бұл ретте, ауыл шаруашылық, машина жасау, жаңғырмалы энергетика, IT-индустрия салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ, Қазақстан мен Украинаның транзиттік-көліктік дәліздерін дамыту қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Іс-шарада 500-ден астам делегат, оның ішінде 30 халықаралық делегация, Украинада аккредиттелген 15 төтенше және өкілетті елші, үкімет, бизнес, инвестициялық және венчурлық қорлар, халықаралық қаржы институттары мен сарпашылар ортасының өкілдері қатысты.


Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі

Қосылған : 23.09.2017, 19:40, Өзгертілген : 23.09.2017, 19:40