ТТЖ

Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу тәртібі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұруға рұқсат алу тәртібі «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы №361 Қаулысымен (әрі қарай - Қаулы) реттеледі.

Қаулының 5 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кету ішкі істер органдары шығуға арналған құжаттарды ресімдегеннен кейін жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтiнiштi он сегіз жасқа толған адамдар, ал некеде тұрған адамдар он алты жастан бере алады. Балалардың және сот әрекетке қабiлетсіз деп таныған азаматтардың құжаттарын олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) бередi.

Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрақты тұрғылықты тұруға ниет бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелеріне өтініш білдіреді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі жүктеу:

1. өтініш-сауалнама;
2. келген елдің құзыретті органдары берген тұрақты тұрғылықты тұруға рұқсат;
3. мөлшері 4мм х 5мм 2 фотосурет;
4. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі;
5. жеке куәлігі;
6. он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға қалған кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екiншi ата-анасының нотариалды түрде расталған келiсiмi. Ата-анасының бiрiнiң келiсiмi болмаған кезде, кәмелет жасқа толмағанның кетуі сот тәртiбiмен шешiледi.


Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші түсініктеме береді.

Қосылған : 3.03.2017, 14:00, Өзгертілген : 3.03.2017, 14:00