Саяси ынтымақтастық

1992 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі ашылды. 1994 жылдың мамырында Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі өз жұмысын бастады. 2016 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Ордабаев Самат Исламұлы тағайындалды.

Қазақстан мен Украина арасында екіжақты байланыстар және халықаралық іс-шаралар шеңберінде жүйелі саяси диалог орныққан.

Қазақстан-Украина қарым-қатынастарының маңызды кезеңі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Киевке жұмыс сапары (2014 жылғы 22 желтоқсан), сондай-ақ Украина Президенті П.А.Порошенконың Нұр-Сұлтанға ресми сапары (2015 жылғы 8-9 қазан) болды. Бұл сапарлар өзінің жаңа параметрлері мен оларға қол жеткізу жөніндегі шараларды анықтауға мүмкіндік, тұрақты екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай дамыту үшін тараптардың ниетін растады.

Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықтың серпінді дамуының факторы 100 келісімді қамтитын дамыған құқықтық база болып табылады. Оның негізгісі 1994 жылғы 20 қаңтарда жасалған Достық және ынтымақтастық туралы шарт. Халықаралық шарттар экономика, қауіпсіздік, гуманитарлық мәселелер, білім беру және т.б. көптеген мәселелерді қамтиды.

Қазақстан мен Украина халықаралық ұйымдар аясында тығыз әрекеттестік жасауда. 2011 жылы Қазақстанның Украинаға ЕҚЫҰ-ның төрағалығын тапсыруы өте маңызды оқиға болды. 2016 жылы қос ел де БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері болды.

Парламентаралық байланыстар жоғары деңгейде жұмыс жасауда. ЕҚЫҰ ПА, ЕКПА және т.б. халықаралық парламенттік құрылымдар аясында белсенді әрекеттестік орнатылған. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен Украина Жоғарғы Рада депутаттарынан құрылған қазақстандық-украиналық парламентаралық байланыс топтары табысты жұмыс жасауда.

Қосылған : 4.03.2017, 21:05, Өзгертілген : 4.03.2017, 21:05