Қазақстанның Елшісі «ЗЕД» Украиналық экспорттерлер мен импорттерлар ассоциациясы мен Бүкілукраиналық аграрлық кеңестің басшыларымен кездесті

Ү.ж. 30 шілдеде Қазақстанның Елшісі С.Ордабаев «ЗЕД» Украиналық экспорттерлер мен импорттерлар ассоциациясының Төрағасы С.Свистиль және Бүкілукраиналық аграрлық кеңестің Төрағасы А.Дикунмен кездесті.

Оның барысында Қазақстан-украиналық бизнес-форумына (ү.ж. 5 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қ.) дайындық мәселесі талқыланды.Сонымен қатар, сүт пен ет шаруашылығы және ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеу саласындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысы, сондай-ақ қазақстандық минералды тыңайтқыштарды Украинаға экспорттаудың келешектері қарастырылды.

Қосылған : 30.07.2019, 17:45, Өзгертілген : 30.07.2019, 17:45