Қазақстан Президенті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келді

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бірқатар екіжақты кездесулер, соның ішінде Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, Ауғанстан Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізеді.

Қосылған : 13.06.2019, 17:30, Өзгертілген : 13.06.2019, 17:30