Қазақстандық дипломаттар жыл сайынғы V OUTLOOK WORLD CULTURE FESTIVAL фестиваліне қатысты

2018 жылғы 27 қазанда Киев қаласында «V OUTLOOK WORLD CULTURE FESTIVAL» әлем халықтары мәдениетінің мерейтойлы фестивалі болды. Фестиваль шетелдердің 30-дан аса дипломатиялық өкілдіктері, Украинаның Мәдениет министрлігі, Киев қалалық әкімшілігі мен Украинаның ұлттық-мәдени қоғамдарының қолдауымен өтті.

Фестивалдің салтанатты ашылуына Украинаның Бірінші ханымы М.Порошенко мен шет елдердің Елшілері қатысты.

Қазақстан отандық және украиналық суретшілердің жұмыстарынан, халық тұрмысының заттарынан тұратын бай экспозицияны, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық киімдерін ұсынды. Фестивалға келушілер ұлттық тағамнан дәм тартты.

Қазақтың біртуар композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының «Көңіл толқыны» күйінің орындалуы жылы қабылданды.

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі

Қосылған : 29.10.2018, 12:40, Өзгертілген : 29.10.2018, 12:40