Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі «Invest in Lviv Region» Халықаралық инвестициялық форумына қатысты

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Самат Ордабаев 2019 жылғы 31 қазанда Львов қаласында өткен «Invest in Lviv Region» Халықаралық инвестициялық форумына қатысты.

Форум шеңберінде Львов облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы М.Мальскиймен, Львов Радасының төрағасы А.Ганущинмен, қала әкімі А.Садовоймен, сондай-ақ облыстың іскер топтарымен кездесулер өтіп, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды.

«Жасыл» экономика, туризм, ауыл шаруашылығы, машина жасау, жаңартылатын энергетика саласындағы, оның ішінде бірлескен ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға 400-ден астам қонақ, олардың ішінде үкімет өкілдері, Украинада аккредиттелген елшіліктер, халықаралық ұйымдар, сыртқы сауда миссиялары мен ірі компаниялар, Украина инвесторлары мен кәсіпкерлері қатысты.

Львов облысы - Украинаның ірі өнеркәсіптік аймақтарының бірі болып табылады. Өнеркәсіптік өндіріс құрылымындағы ең үлкен үлесті тамақ және отын өнеркәсібі, машина жасау, металл өңдеу, электр энергетикасы алып отыр.

2019 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан мен Львов облысы арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,5% артып, 6,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Қосылған : 2.11.2019, 11:25, Өзгертілген : 2.11.2019, 11:25