Экономикалық ынтымақтастық

Экономикалық ынтымақтастық Қазақстан-Украина қатынастарының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Ең алдымен, екі Мемлекет басшыларының өзара сапарлары қортындылары бойынша берген тапсырмаларының, Жол картасы-5-тің және Экономикалық ынтымақтастық бойынша мемлекетаралық комиссияның 12-ші отырысы хаттамасы аясында қол жеткізілген келісімдердің орындалуына назар аударылады.

Ауыл шаруашылық саласында ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар сүт өндіруші шаруашылықтары Украина сүт өндірушілері ассоциациясына кіретін украин компанияларымен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Ауыл шаруашылық машиналарын жасау саласындағы ынтымақтастық айтарлықтай қарқын ала бастады. Қазақстандық компаниялар Украина машина жасаушылар лигасына кіретін украиндық кәсіпорындардың қатысуымен ауыл шаруашылық техникаларын шығаратын бірлескен кәсіпорын құрды.

Сондай-ақ, көлік саласында, отын-энергетикалық кешені саласында, бірлескен ғарыштық жобаларды жүзеге асыру және т.б. ынтымақтастық жалғасып жатыр.

Жұмыс істеп тұрған бірлескен қазақстандық-украиндық кәсіпорындардың саны 2016 жылдың қаңтарындағы 431-ден 2017 жылы 1 ақпанында 632-ге жетті. Бірінші жарты жылдықтың қортындысы бойынша, 2016 жылы Украинадан Қазақстанға жіберілген тікелей шетелдік инвестиция 22,5 млн. АҚШ доллары көлемінде байқалады.

Екі жақты сауда көлемі 2016 жылдың қортындысы бойынша 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады және ол 2015 жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда 32,7%-ға кеміген. Қазақстан өнімдерінің Украинаға экспорты 911,2 млн. АҚШ долларын құрады, ал Украинадан келетін импорт 435,5 млн. АҚШ долларын құрады.

ҚР-ның Украинаға жіберетін негізгі тауар түрлері есепті кезең ішінде келесідей болды: минеральдық отындар (көмір, газ, мұнай және оны айдаудан шығарылатын өнімдері) – 83,1%; табак – 3,3%; қара металлдар мен одан жасалатын заттар – 3,2%; мырыш – 2,6%, тыңайтқыш – 2,3% және т.б. Сонымен қатар, Украинадан импортталады: жабдықтар және механикалық құрылғылар – 23,3%; астықтан жасалатын өнімдер – 8,1%; қант және жасалатын кондитер өнімдері – 7,1%; сүт өнімдері, құс жұмыртқалары, бал – 5,9%; ет және еттен жасалатын субөнім – 5,2% және т.б.

Қосылған : 25.07.2019, 10:00, Өзгертілген : 25.07.2019, 10:00