Бірегей байланыс орталығы жөнінде (отандастар үшін)

2019 жылғы 19 сәуірде «Отандастар Қоры» КЕАҚ бастамасы және «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен отандастар мәселелеріне қатысты Бірегей байланыс орталығының (бұдан әрі - Орталық) ашылғанын хабарлаймыз.

Аталған Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша отандастарға қызметтер көрсетеді, соның ішінде Қазақстан азаматтығын алу, әлеуметтік жеңілдіктер және төлемдер, мемлекеттік жәрдемақы мен көмектерді тағайындау, сондай-ақ, оралмандарды жұмыспен қамтудың аймақтық квоталарына қосудың тәртібі және т.б. мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша кеңестер ұсынады.

Орталықпен келесі байланыс нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 1404 (Beeline-нан басқа барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін), 8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін), +7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін, халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен алынады), 8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарламалары үшін), e-mail: komek@oq.gov.kz, skype: komek@oq.gov.kz.

Қосылған : 24.05.2019, 09:05, Өзгертілген : 24.05.2019, 09:05