Дархан Аманұлы Кәлетаев

Өмірбаяны


1972 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысында туған.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (1994 ж.) тарихшы мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебін (1997 ж.) бітірген. Саяси ғылымдарының докторы.

Өз еңбек жолын 1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Тіл комитетінде маман ретінде бастаған.
1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас маманы болды.
1997 жылы ҚР Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру департаментінің басқарма бастығының орынбасары болды.
1997-2002 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Жастар саясаты бөлімінің бастығы, Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2002 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Жастар саясаты департаментінің директоры ретінде ауысады.
2002-2007 жылдары Ішкі саясат басқармасының сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2007-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болды.
2009-2016 жылдары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Басқарушы директоры.
2018 жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды.
2018-2019 жылдары ҚР Қоғамдық даму министрі қызметін атқарды.
2019 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болды.
2019 жылы (наурыз-желтоқсан) - ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың 22 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

IІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дәрежесі бар.

Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.

Үйленген, 2 баласы бар.

Қосылған : 22.02.2020, 16:15, Өзгертілген : 22.02.2020, 16:15