Мемлекет басшысы Тегеран маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеран қаласы әуежайының маңында «Украина халықаралық әуежолы» компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан азаматтары қаза болған бірқатар мемлекет басшыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады.

Биылғы 8 қаңтарда «Украина халықаралық әуежолы» компаниясының әуе кемесі Тегеран қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында шамамен 180 жолаушы болған.

Қосылған : 8.01.2020, 11:15, Өзгертілген : 8.01.2020, 11:15