Дипломаттар «Мемлекетте қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыру» атты тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты

Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің дипломаттары мемлекет басшылығының экономикалық дипломатияны одан әрі белсеңдету туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде ү.ж. 31 қазанда Киев политехникалық институтында өткен «Мемлекетте қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыру» атты тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шараға қатысушыларға Қазақстанда бизнес жүргізу үшін жасалған жағдайлар, елдің салық және кеден заңнамасының ерекшеліктері, сондай-ақ, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді.

Ерекше назар Қазақстанның инвестициялық климатына, елдегі арнайы экономикалық аймақтарындағы жеңілдік режиміне және «Астана» Халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктеріне жасалды.

Қосылған : 31.10.2019, 18:05, Өзгертілген : 31.10.2019, 18:05