ЭЫДҰ отырысында Қазақстан инвестициялық ахуалы туралы есеп берді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров бастаған қазақстандық делегация ЭЫДҰ Инвестициялық комитеттің кеңейтілген отырысына қатысты.

2017 жылғы маусымда Қазақстан ЭЫДҰ Инвестициялық комитетінің «қауымдастырылған мүшесі» мәртебесін алды және «Халықаралық инвестициялар және трансұлттық кәсіпорындар туралы декларацияға» қосылды. Комитетке мүше болу Қазақстанға инвестициялық климатты жақсарту бойынша ЭЫДҰ елдерінің стандарттары мен тәжірибелерін дәйекті түрде қабылдауға мүмкіндік береді.

Отырыс аясында ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің Төрағасы М.Шекулинмен, ЭЫДҰ Еуразиялық бөлімінің басшысы У.Томпсонмен, ЭЫДҰ кәсіподақтар, бизнес және өнеркәсіп бойынша консультативтік комитеттерімен жеке кездесулер өткізіліп, онда Қазақстанның Инвестиция комитетіндегі мүшелігі және осы мәртебені сақтаудың одан әрі қадамдары талқыланды.

Есеп беру нәтижелері бойынша ЭЫДҰ  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жұмысшылардың құқықтарын қамтамасыз ету және тікелей шетелдік инвестицияларға қатысты ұлттық режим сұрақтарында  Қазақстанның ілгерілеуін атап өтті. Сонымен бірге Ұйым Қазақстанға ЭЫДҰ-ның озық тәжірибелері мен алаңдарын қолдана отырып, елдің инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыруға шақырды.


Қосылған : 29.10.2019, 20:50, Өзгертілген : 29.10.2019, 20:50