Құжаттарды талап ету тәртібі Қазақстан Республикасынан/шет елдерден құжаттарды талап ету тәртібі

Құжаттарды талап ету тәртібі ҚР Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 22 мамырдағы №08-1/1 және ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 28 маусымдағы №98 бірлескен Бұйрығымен бекітілген ережелері бойынша жүзеге асырылады (бұдан әрі - ережелер). Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік және азаматтығы жоқ шетелде тұратын тұлғалар Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне өтініш жасай алады. Шет елдерден құжаттарды талап ету үшін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына арыздануы керек. Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету мерзімі үш ай және одан астам уақыт алады.

Шет елден және Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету үшін арызданушы келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1.Еркін нысанда өтініш – 4 дана;

2.Талап ету туралы сауалнама - 4 дана (№1 Қосымша ( .doc, 119кб ));

3.Талап етілетін құжаттың көшірмесі (егер болса) - 4 дана;

4.Жеке басты куәландыратын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі – 4 дана;

5.Консулдық алым түбіртегінің түпнұсқасы.

Ережелердің 4 тармағына сәйкес, әскери билеттердің және қызметтік куәліктердің түпнұсқалары мен көшірмелері шет мемлекеттердің аумағына шығаруға, әкетуге рұқсат берілмейді. Сонымен қатар, ережелердің 16 тармағына сәйкес, талап ету жөнiндегi жеке тұлғалардың мынадай өтiнiштерi қанағаттандырылмайды:

1.Азаматтық хал актiлерiнің тiркеу туралы қайталама куәлiктері, егер олар арызданушыға емес, басқа тұлғаларға рәсiмделсе;

2.Егер неке бұзылған болса, неке қию туралы куәлiк (тиiстi анықтама берілуi мүмкiн);

3.Қайтыс болғандардың туу туралы куәлiктерi.

4.Ереженің 3 тармағына сәйкес, азаматтар өтініш беру арқылы төмендегі көрсетілген құжаттарды талап ете алады:

5.Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы құжаттарды (туу мен қайтыс болу туралы, неке қию мен неке бұзу туралы, бала асырап алу мен тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы және әке болуды анықтау туралы куәліктер).

6.Әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы (еңбек стаждары, жалақылары, зейнетақылары, бiлiмдерi, мемлекеттiк және ведомстволық марапаттаулары, негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшырау фактiлерi, азаматтардың және олардың мүлiктерiнiң тәркiленуi, әскери қызметi, еңбек армиясына қатысқаны туралы).

7.Емделуде болғаны, кәсiби аурулары мен қайғылы оқиғалар туралы мәлiметтердi.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше жағдайлар белгіленбесе, ҚР-дың Салық заңнамасына сәйкес, консулдық алым төленуі тиісті.

Консулдық алым мөлшері әрбір мемлекет үшін Қазақстан Республикасының Үкіметімен бөлек бекітіледі. Консулдық алым талап ету нәтижелерiне қатыссыз өндiрiлiп алынады.

(№1 Қосымша ( .doc, 705кб ))

Ниже Для ссылки

Құжаттарды талап етіп алдыру жөнiндегi

САУАЛНАМА

Әр құжат жеке-жеке 3 данада толтырылады.

Сұрақтарға жауаптарды түсінікті жазуымен не баспа әрпiмен жазып, толық және нақты беру керек.

СҰРАҚТАР

ЖАУАПТАР

1. Құжаты талап етілетiн тұлғаның тегі, аты және әкесiнiң аты (тегі шет елдерде мемлекеттiк немесе орыс және шет тiлiнде қалай жазылғанын көрсетiңiз, егер тегі өзгерген болса, онда барлығын көрсетіңiз)

2. Аталған тұлғаның туған жылын, айын, күнiн және туған жерін (облысын, ауданын, қаласын, ауылын, қыстағын көрсетіңіз)

3. Жынысы

4. Аталған тұлғаның азаматтығы (егер азаматтығы өзгерген болса, онда барлығын көрсетіңіз)

5. Ұлты

6. Қандай құжаттар талап етiледi:

а) егер туу, неке қию, ажырасқаны, қайтыс болғаны туралы және т.б. құжаттар талап етiлсе, онда туылғаны, некесi қиылғаны, ажырасқаны, қайтыс болғаны және т.б. құжаттардың тiркелген нақты орны мен уақытын, сондай-ақ туу туралы құжатты талап етіп алдыру кезiнде ата-анасының тегін, атын, әкесiнiң атын көрсетiңiз;

б) егер бiлiмi туралы құжат талап етiлсе, онда оқу орнының аты мен мекенжайын, оқуға түскен және оны бiтiрген күнiңiздi, сұратқан құжаттың сериясы мен нөмерiн көрсетіңіз;

в) егер жұмыс өтілі туралы құжат талап етiлсе, онда оқу кәсiпорны мен мекемесiнiң атауын және мекенжайын; жұмыс істеген уақыты мен кiм болып iстегеніңіздi көрсетiңiз;

Егер жеке тұлғалардың қарамағында жұмыс iстеген болсаңыз, онда жұмыс берушінiң тегін, атын, әкесiнiң атын және мекенжайын көрсетіңіз;

г) егер шет елдерде тағайындалған зейнетақы туралы құжат талап етiлсе, онда қашан, не үшiн және қандай ұйым зейнетақы тағайындағанын; қандай ұйым және қашан соңғы рет зейнетақы төлегенiн көрсетiңiз.

Ескерту: кәсiпорындардың, мекемелердiң және оқу орындарының атауын мүмкіндігінше шет тілінде бергенiңiз жөн.

7. Құжат қандай мақсат үшін талап етіледі

8. Құжаты талап етiлетiн тұлғаның нақты тұрғылықты мекен жайын көрсетiңiз

Егер сiздiң жеке құжатыңыз талап етiлмесе, онда келесi сұрақтарға да жауап берiңiз:

9. Сiздiң тегіңіз, атыңыз және әкеңiздiң аты

10. Сiздiң туған жылыңыз бен туған жерiңiз

11. Сiздiң азаматтығыңыз

12. Құжаты талап етiлiп отырған тұлғаға сiздiң туыстық қатынасыңыз

13. Сiздiң тұрғылықты мекенжайыңыз

Қосылған : 13.04.2017, 10:05, Өзгертілген : 13.04.2017, 10:05