​Азаматтық

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы ақпарат

1991 жылы 20 желтоқсанда «ҚР азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы елде тұрақты тұратын (тіркелген құжаты бар) адамдар (Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өзі тұратын жердің тиесілі органдарына жазбаша түрде 1995 жылдың 31 желтоқсанына дейін арыз бермеген болса) Заң күшіне енген (1992 жылғы 1 наурыз) кезден бастап Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат – төлқұжат (жеке куәлік) және Республика азаматының паспорты. Баланың азаматтығын Туу туралы куәлік пен оның ата-анасының кез келгенінің төлқұжаты растайды.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылы 20 желтоқсанда қабылданған Заңға сәйкес келесі тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматы болып саналмайды:

1. 1995 жылдың 31 желтоқсанына дейін бұрын тұрған мекен-жайы бойынша құзырлы органдарға Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы жазбаша арыз бергендер;

2. 1992 жылдың 1 наурызында ҚР-ның азаматтық туралы Заңы күшіне енген уақытта Қазақстан территориясында тұрақты тұрмаған (тұрақты мекенжайда тіркелмеген) адамдар;

3. Қазақстан азаматтығынан айырылған ретінде тіркелгендер немесе азаматтықтан шығу туралы құжаттарын алғандар;

Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 1991 жылы 20 желтоқсанда қабылданған «ҚР азаматтығы туралы Заңның 3-ші бабына сәйкес Қазақстан азаматының өзге елдің азаматтығын алуға құқы жоқ.

21-бап. Азматтықтан айырылу Қазақстан Республикасының азаматтығынан мынандай жағдайларда айырылады:

1. Егер ол адам өзге елдің қауіпсіздік әскери қызметіне тартылса, полицияға кірсе, әділет немесе өзге де органына ауысса ҚР азаматтығын жоғалтады.Тек Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көрсетілген жағдайларда ғана азаматтықтан айырылмайды;

2. Егер ол адам ҚР азаматтығын жалған құжаттар немесе мәліметтер арқылы алған болса;

3. ҚР мемлекетаралық шарттарында көрсетілген ерекше жайттарды негізге ала отырып;

4. Егер ол адам өзге мемлекеттің азаматтығын алған болса;

5. Қазақстан Республикасының азаматымен тіркелген некесін сот заңсыз деп есептегенде.

ЕСКЕРТУ: ҚР азаматтығына ие бола тұрып, өзге мемлекеттің де азаматтығын алған адам 30 күн ішінде өзінің екінші азаматтығы туралы хабарлауға міндетті әрі Қазақстанның паспортын немесе төлқұжатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекмелеріне тапсыруы тиіс.

Қазақстан екі азаматтыққа қатысты жауапкершілікті күшейтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 бабы 3 бөліміне және Қазақстан Республикасының "ҚР Азаматтығы туралы" Заңының 3 бабына сәйкес, Қазақстан тұрғындарының өзге ел азаматтығын алуына тыйым салынған.

2014 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Президенті Әкімшілік құқық бұзулышықтар туралы жаңа Кодекске қол қоя отырып, Қазақстан азаматтығы туралы Заңды бұзғандарға қатысты жауапкершілікті қатайтты.

Мәселен, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жаңа Кодексінің 380-2 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы заңнаманы бұзғандарға айппұл салу немесе өзге елге әкімшілік қудалау секілді әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Егер ҚР азаматы «ҚР азаматтығы туралы Заңның 21, 30 баптарын пайдаланып өзге елдің азаматтығын алған болса миграциялық полиция ол адамның Қазақстан азаматтығын жоғалтқанын тіркейді.

ҚР елшілігі Арменияның Республикасының азаматтығы алған азаматтарға ескертеді:

Күнпарақпен есептегендегі 30 күнге дейін Қазақстандық жеке куәліктері мен паспорттарын ҚР-ның Армениядағы елшілігінің консулдық бөліміне тапсыруға міндетті. Елшілігінің мекен-жайы: Ереван қаласы, Демирчян көшесі, тұйық көше-1, үй-11,15.

Қазақстан Конституциясына сәйкес, ҚР «ҚР азаматтығы туралы» Заңда екі азаматтыққа тиым салынғандықтан, ҚР азаматтығын қайтару, қабылдау, қалпына келтіру мәселелерін Қазақстан Республикасынының Президенті ғана шешеді.

Армения Республикасындағы елшілігін ҚР-ның консулдық бөлімі Арменияда тұрақты тұратын азаматтардан азаматтық туралы (шығу, қабылдау және қалпына келтіру) арыздар қабылдайды. Сонымен қатар, толтырылған бланктерді 2 дана түрінде ұсынуды ескертеді.

1. Анкета-арыз бекітілген формада;

2. Өмірбаян;

3. Заңның 1-бабында көрсетілген Арыз-келісім аталмыш Заңның талаптарын сол формада орындау (қабылдау және қалпына келтіру).

Құжаттар (түпнұсқа және көшірме):

1) ҚР азаматының паспорты тұрақты түрде тұру жөнінде (2015 ж. 19.03-нен).

ҚР миграциялық полициясының соққан белгісімен.

2) Туу туралы куәлік.

3) Неке туралы куәлік және балалардың туу туралы құжаттары, (16 жасқа дейінгілер болса);

4) ҚР тыс жерде тұрақты түрде тұратыны туралы, тіркеуде бар-жоқтығы туралы құзырлы орган дерегі.

5) Сотталмағаны туралы елтаңбалы мөр басылған куәлік;

6) Өзге мемлекеттегегі азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғаны туралы құзырлы органдар берген анықтамалық құжат (қабылданғанда, қалпына келтіргенде);

9) Бұрын ҚР азаматы болғандығын растайтын құжаттар; (ҚР азаматтығын қайтару туралы арызға қосымша ретінде);

10) ҚР мамандырылған мемлекеттік органдарының өтініш құжаты ( ҚР-на ерекше еңбегі сіңген немесе жеңілдік тізбесінде жататын адамдар үшін) қабылдау немесе қайтадан қалпына келтіру үшін;

11) ҚР азаматтығынан шығарда қылмыс жасағаны немесе жасамағаны туралы дерек, ҚР Бас прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 Бұйрығында көрсетілген формада нормативті-құқықтық актілердің мемлекеттік реестрінде тіркелген. №12055;

12) Шетелдік азаматтықты алуға рұқсат берілген құжат. (ҚР азаматтығынан шығару).

13) ҚР азаматтығынан бас тарту жөнінде нотариустың растау мөрлері соғылған өтініш-келісім, некеде тұрған адамның материалдық және басқа талаптары, оның бағып, асырауындағы ҚР тұратындардың талаптары немесе келісімі, егер ондай жандар қайтыс болған жағдайда өлгені жөнінде куәлік, сол адамның қайтыс болғанын растайтын сот шешімі және белгісіз себептермен ол адам табылмаған жағдайда да сот шешімінде айтуға тиіс.

14) Фотография, көлемі 3,5х4,5 см. 4 дана;

15) Іске қатысты басқа да құжаттар.

ҚР-ның азаматтығын қабылдау немесе ҚР азаматтығын елшіліктің консулдық бөлімі арқылы қайтарып алу жөнінде азаматтарды қабылдап, олардың арыз, өтініштерін қарау:

* Кәмелетке толмағандар және әрекет істеуге қабілеті жоқ.ҚР-на ерекше (ақыл-есінің кемтарлығынан әрекет істеуге құқы жоқ).

* ҚР-на ерекше еңбегі сіңген немесе жеңілдікке жататын тізбеге сәйкес мамандық иелері Президенттің 2005 жылғы 6 маусымдағы №1587 (ары қарай тізбе) Жарлығымен оңтайландырылған тәртіппен оның өзі және үнемі ҚР-нан тыс жерде тұрған жанұясы пайдалана алады.


Қазақстан Республикасының Азматтығы туралы

Анықтамалар әр азаматтың өтініш бойынша ҚР-ның Армениядағы елшілігінің консулдық бөлімі береді.

Бұл анықтаманы рәсімдеу үшін сұраушының өзі келуге тиіс немесе сенген адамы арқылы (нотариалды расталған) мына төмендегі құжаттар талап етіледі:

1. Өз қолымен Консулдық атына жазылған арыз азаматтың өзін растайтын төлқұжат көшірмесі (құжаттың жазуы бар барлық беттерінен ксерокөшірме).

2. ҚР азаматтығынан бас тарту жөнінде арыз бергеніңізді расталған түрде түпнұсқасын немесе көшірмесін тапсыру;

ҚР-ның азаматтығын жоғалтқаны туралы Анықтама Консулдық бөлім арқылы Арменияда тұрақты тұруға рұқсат алған (ҚР азаматтығы туралы Заңның 31 бабына сәйкес) азаматтарға мына жағдайларда беріледі. Ол үшін армян паспортының көшірмесі (негізгі беті және тіркелген белгісі бар бет) және қазақстандық паспорттың көшірмесі (негізгі беті және тұрақты тұруға кететіні туралы белгісі бар беттер) болуы тиіс.

Егер азамат АР елінде тұрақты түрде қалуға рұқсат алмаған болса, азаматтығынан айыруды ҚР-ның ішкі істер органдары рәсімдейді. Ол ҚР азаматтығы туралы Заңның 30-бабына сәйкес.

Консулдық қызмет жасағаны үшін азаматтардан Заңда қарастырылған консулдық төлем алынады.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан азаматтығынан шығу туралы шешімді ҚР Президенті шығарады. ҚР азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі. Елден тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы азаматтықтан шығу туралы шет елдердегі мекеме арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

2) өмiрбаян;

3) 3,5 х 4,5 сантиметр көлемінде фотосурет;

4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;

6) апостильденген немесе заңдастырылған сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама;

7) неке қию туралы және балаларының тууы туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);

8) шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат;

9) консулдық алымның төленгенi туралы құжат;

10) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері.

Егер азаматтықтан шығу туралы өтініш жасаушы адамның ҚР алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе еліміздің территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, ҚР азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.

Егер шығу туралы өтінішхат берген адамға қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілсе не ол заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға жол берілмейді.

Шетелдердегі мекемелер дайындалған материалдарды өзінің қорытындыларымен бірге ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне жолдайды, ол өз кезегінде ҚР Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссиясының жұмыс органына ұсынады.


Қосылған : 12.03.2017, 12:50, Өзгертілген : 12.03.2017, 12:50