Экономикалық ынтымақтастық

Сауда-экономикалық қатынастар

Армения Республикасы Ұлттық статистикалық қызметінің мәліметтері бойынша 2016 жылы Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымының 46% өсімі байқалып отыр. Арменияның Қазақстанмен сыртқы сауда айналымының көлемі $6млн.631мын. құрады. Қазақстаннан Арменияға жөнелтілетін импорттың көлемі $678мың долл. құрады. Армениядан Қазақстанға жөнелтілетін экспорттың көлемі $5млн.952мын құрады.

Қазақстаннан Арменияға экспортқа шығарылатын астықты қайта өңдеу өнімдері, қағаз және картон өнімдері, фармацевтика өнімдері және т.б. болып табылады.

Қазақстанға әкелінетін армян экспортының құрамында алкогольді және алкогольсіз сусындар, зергерлік және темекі өнімдері, азық-түлік тауарлар және т.б.

Көлік. Өзара тауар айналымының төмен деңгейінің негізгі себебі екі елді біріктіретін тікелей жерүсті көлік жолының жоқтығы болып табылады және Таулы Қарабах жөніндегі мәселе реттелмегендіктен үшінші елдердің аумағы арқылы жүктерді тасымалдауға арналған тарифтердің жоғарылығы, Армения осы уақытқа дейін Әзербайжан мен Түркия тарапынан көліктік оқшаулау жағдайын бастан кешуде.

Үкіметаралық комиссия. 2016 жылғы 6 қазанда Астанада Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-армяндық үкіметаралық комиссияның алтыншы отырысы болып өтті. Қазақстандық тараптан ҮАК-тың тең төрағасы ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек болды, ал армяндық тараптан - АР Экономикалық даму және инвестиция министрі С.Караян болып табылады.

Қосылған : 3.03.2017, 00:00, Өзгертілген : 3.03.2017, 18:15