Eкіжақты қарым-қатынастар

Қазақ-армян қарым-қатынасы

Негізгі ақпарат

1992 жылы 27 тамызда Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

АР Елшілігінің Қазақстан Республикасының жұмыс істеуі 1992 жылдың қазан айынан басталды.

Армения Республикасында 2007 жылдың 1 наурызынан Қазақстан Республикасының Елшілігі жұмыс істей бастады.

2013 жылдың 21 тамызынан бастап, Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі А. Саакян болып табылады.

2016 жылдың 22 сәуірінен бастап, Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып, T.Оразаев болып табылады.

Ресми сапарлар

2001 ж 23-24 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Армения Республикасында болды.

Армения Республикасының президенті Роберт Кочарянның Қазақстан Республикасына алғашқы ресми сапары 1999 жылы 1-2 қыркүйекте және 2006 жылдың 6-7 қараша айында екінші ресми сапары болып өтті.

2016 жылдың мамыр айында Евразия үкіметаралық Кеңесі отырысының жұмысына қатыну аясында Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Армения Республисына келді.

2016 жылы қазан айында Қазақстан Премьер-министрі Б.Сағынышев жұмыс сапарымен келіп, Армения Республискасының Премьер-министрі К. Карапетянмен екі тарапты кездесу өткізіп, нәтижесінде Арменияның ЭКСПО-17-ге қатысатындығы туралы келісімге қол жеткізілді.

2016 жылы ҰҚШҰ жарғылық органдардың жұмысына қатысу үшін Ереванға Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов (қазан), Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов (шілде және қазан), Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетов (тамыз) және Қорғаныс министрі С.Жасұзақов (қазан) келді.

Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастар саяси сенімнің дәстүрлі жоғары деңгейде. Бұл жайтқа ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, әлемдік деңгейдегі беделі зор ықпал етуде. Соның нәтижесінде Таулы Қарабақ мәселесінің шешімін қарастыру, халықаралық қауіпсіздік мәселелерінің орнықтылығына да ықпал етуде. Армения саяси басшылығы, ең алдымен Ел Президенті С. Саргсянның ұстанымымен Қазақстанмен ашық та нақты стратегия тұрғысында ара-қатынас орнатты. Соның ішінде Арменияның ұлттық мүддесін интеграциялық бірлестіктерде қолдауы Арменияға өте үлкен демеу. Интеграциялық бірлестіктер(ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ТМД) басөалары, сөз жоқү үлкен саяси стартегиялық күш.

Көп тарапты саяси алаңдарды Ереван мен Астананың іс-әрекеттері бірін-бірі қолдау, нақтылы іс-шара негізінде дамуда.

Осындай салиқалы, салмақты саяси қолдаулар Арменияның БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне Қазақстан өкілін ұсынуда, ОБСЕ саммитінде, ЭКСПО-ның Қазақстанда өтуіне дауыс бергені секілді маңызды шараларда көрініс тапты.

Таяу Шығыстағы шиеленістердің күрт асқынуы, Батыс пен Ресей арасындағы қарама-қарсылық Армения мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастыққа бәлендей әсер еткен жоқ. Ол РФ-мен одақтастыққа еш нұсқан келтірместен Батыс елдеріндегі ықыласты мемлекеттермен саяси-экономикалық қатынасты қажетті, тиімді дәрежеден асырмай жүргізу саясатында да екі елдің үндестігін дәлелдеп отыр.

2016 жылдың 19 сәуірінде Ереван Сыртқы істер министрліктері арасында өзара консультациялық шара өтті. Қазақстан тарабын Сыртқы істер министрінің орынбасары

Г.Қойшыбаев, армян тарабын АР республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ш. Кочерян басқарды.Тараптар екі ел арасындағы қазіргі қарым-қатынасты және болашақтағы оны дамыту мәселелері жөнінде пікір алысты. Сонымен қатар, екі жақты кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Армения Республикасына ресми сапарына дайындық, келіссөз күн тәртібін әзірлеу міндеттері жан жақты қарастырылды.

2016 жылы 9 қарашада ТМД елдерінің арасындағы ақпарат мәселелерін толқылауға арналған министрліктер арасындағы пікіралыс болды. Оған Сыртқы істер министрлігінің КМІ бөлігі төрағасының орынбасары А. Тыныбек қатысты.

Елшілік армян қауымдастықтарымен тұрақты, жүйелі жұмыс жүргізуге үлкен мән береді. Әсіресе, ол іске белгілі саясаттанушылар қауымының белсенді түрде қатысуын қалайды. 26 тамызда осы елде өкілеттіктер бар елдердің эксперттері қатысқан пікір алысу қазіргі Арменияның ішкі-сыртқы саясатына сындарлы пікір айтты. Сын Қазақстан тарабына да өткір айтылды. Пікірлер Армениядағы ең маңызды басы ашылмаған екі мәселе төңірегінде өрбіді. Ол армян геноцидін мойындау және Таулы Карабахтың екі жақтың да қоластына жазатын статусқа немқұрайды қарау мәселелері.Бұлар жөніндегі Қазақстан ұстанымы елдің наразылығын, ашық қарсылығын тудыруда.

Осырухтағы көзқарас Елшілікте өткен, Арменичдағы газеттердің бас редакторлары қатысқан басқосуда да көрініс тапты.

Армения оң жауап және қолдау, қазақстанның көптеген сыртқы саяси бастамаларына қолдау көрсетуде. Осылайша, екіжақты диалогты дамыту жолындағы маңызды қадам 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге Армения Қазақстанның кандидатурасын қолдады. Сонымен қатар, Армения 29 тамызда Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялау туралы ұсынысын қолдады.

Армян Апостол шіркеуінің өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысына белсенді түрде қатысады.

Қосылған : 3.03.2017, 00:00, Өзгертілген : 3.03.2017, 00:00