«Жасыл технологиялар» - Нидерланд пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

Елбасының шетел инвестицияларын Қазақстан экономикасына тарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында, Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ атқарушы директоры Данияр Нұрмағанбетовтың іссапарын ұйымдастырды.

27 қыркүйегінде қазақстандық делегациясы мен экономика министрлігінің бас директоры Берт де Вриспен және ҚР бизнес дамытуды көздеген «жасыл технологиялар» саласындағы голландтық компаниялар арасында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында тараптар екі елдің инвестициялық агенттіктерінің аралық қарым-қатынасының бағыттары мен Қазақстандағы голландтық компаниялардың инвестжобаларын қолдау шараларын талқылады. Соның ішінде, «KB Enterprises» (күн станциялары құрылысы) компаниясының қызметін кеңейту, «EWT Wind» (жел энергостанциялары), «KNN Group» (биомассаны қайта өңдеу), «Van der Hoeven» (заманауи жылыжайлар) компанияларының ұсыныс-жобалары талқыланды. Аталған жобалардың жиынтық құны 1 млрд.евроны құрайды.

Келіссөздер нәтижесінде алдағы уақытта жүйелі қарым-қатынас орнату келісіліп, аталған жобаларды жүзеге асыруға атсалысу кезеңдері ұйғарылды.

Кездесудің екінші бөлімінде қазақстандық делегациясы Корольдік Индустриалдық клубында (Амстердам қ.) «Нидерланд пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстардың жаңа бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға 60 голландтық компаниялары өкілдері қатысты.

ҚР Елшісі Мағжан Ілиясов шараға қатысушыларға Қазақстанның транспорттық-транзиттік мүмкіншіліктері жайында ақпарат берді. Д. Нұрмағанбетовтың презентациясы еліміздегі бизнес жүргізу алғышарттары мен ҚР экономикасының өзекті салаларындағы шетелдік инвесторларға бағытталған үкіметтің құқықтық кепілдіктер, жеңілдіктер мен преференциялар жүйесін құру шараларына арналды.

Қазақстанның экономикалық дамуының серпіні мен Үкіметінің бизнес-климатты жақсартуға бағытталған жұмыстары шараға қатысушылардың қызығушылығын арттырды.

Қосылған : 29.09.2017, 16:40, Өзгертілген : 29.09.2017, 17:00